ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
2019 жылдың 20 қыркүйек күні мектепшілік жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы 2019-2020 оқу жылындағы бюджеттің орындалу есебімен таныстырып, мектеп қаражатының жұмсалу жолдарын атап өтті. сонымен қатар қамқоршылық кеңесінің құрамымен таныстырып өтті.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша директордың оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Тлеулесова Жұмагүл Балташқызы оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша оқу тәрбие жұмысының жоспарымен таныстырды. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Найманбаева Жұлдыз Балғабайқызы 2018-2019 оқу жылындағы жазғы еңбек демалысының есебімен және үйірме жұмысының ұйымдастырылуымен таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңесінің төреағасы Т. Бижкенов ата-аналарды 2019-2020 оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.
