Skip to content

🌿 ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҰСТАЗДАР ҮЛЕС ҚОСТЫ 🌿 Бүгін, 2025…

🌿 ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҰСТАЗДАР ҮЛЕС ҚОСТЫ 🌿

Бүгін, 2025 жылдың 20 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің ұстаздары жалпы қалалық сенбілікке белсене қатысты.
Таза аула – жарқын болашақтың кепілі демекші ұжым болып бірлесіп еңбек ету – шәкірттерімізге үлгі, қоғамға пайда. Қолдарына құрал алып, табиғатты аялау мен қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлесін қосқан ұстаздарымыз сенбілікте тек тазалыққа үлес қосып қана қоймай, бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлап, самаурыннан шай ішу дәстүрін жалғады. Сенбілік соңы бірліктің, сыйластықтың айғағы ретінде тренд биін билеп, көңілді аяқталды.
Осындай игі шаралар арқылы бірлігіміз нығайып, экологиялық мәдениетіміз арта берсін.

#Сенбілік #ҰстазҮлгісі #ТазаҚала

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *