Skip to content

ЖАҢА ҚАДАМ Бүгін 2022 жылдың 21 қазан күні Махамбет Өтемісұлы…

ЖАҢА ҚАДАМ

Бүгін 2022 жылдың 21 қазан күні Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында Астана қаласының білім беру ұйымдарының мектепішілік парламенті Президенттерінің «Жаңа қадам» ұлықтау рәсімі болып өтті. Іс-шарада Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен ұлықтау рәсімі салтанатты түрде ашылды. Мектеп парламентінің мүшелері қиындықтардан қорықпауға, алға қойған мақсаттарына табандылықпен жетуге, туған еліне, мектепке риясыз көмек қолын созуға, Қазақстан Республикасының нағыз патриоты және мектеп парламентінің маңызды жобалары мен іс-шараларының белсенді қатысушылары болуға уәде берді. Рәсімге Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі Мектеп парламентінің президенті 9"А" сынып оқушысы Сансызбаева Айнұр қатысты. Алдағы оқу жылында Айнұрға бағындырар асуларын көп болсын демекпіз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *