ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ БІРГЕ ҚҰРАМЫЗ
2022 жылдың 10, 17 мамыр күндері Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде еліміздегі 5 маусымда өткізілетін республикалық референдум бойынша мектеп ұстаздарымен жиналыс өткізілді. Аталған жиналыста 2022 жылғы 6 мамырда жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңының жобасындағы өзгерістер туралы айтылды. Мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Д.Сабанбай мектеп ұстаздарына алдағы референдумның маңыздылығы жөнінде айтып жаңа Қазақстан жасауда әр-бір адамның ойы маңызды екенін айтып өтті. Осындай қысқа уақытта күрделі шешім қабылдау уақытты зая кетірмей еліміздің одан әрі дамып гүлденуін ертерек қолға алынуы деп атап өтті.
Қазақстанда 27 жыл бойы референдум болған жоқ. 1995 жылдан бастап барлық конституциялық түзету Парламент арқылы қабылданды. Қазақстандықтар үшін референдум туралы ұсыныс күтпеген жағдай болды, онымен келіспеуге болмайды. Бірақ бірнеше маңызды мәселені атап өту керек. Біріншіден, өзгерістер Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 бабының үштен бір бөлігіне қатысты болады. Екіншіден, Президент өз сөзінде Жаңа Қазақстан, ең алдымен, жалпы ұлттық бірлік, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру екенін айқын көрсетеді деген болатын. Демек, референдум – «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық» идеясын іске асыру жолы"екенін баршамыз ұғынып,қолдауымыз қажет.