ЖАҢА МҮМКІНДІК, ЖАҢА КЕҢІСТІК
Бүгін, 7 қараша күні мектебімізде ұстаздарға арналған заманауи конференц-залдың ашылу салтанаты өтті. Бұл зал – білім мен тәжірибе алмасудың, шығармашылық идеялар мен жаңа жобалардың ордасына айналмақ. Жаңа кеңістіктің басты мақсаты – ұстаздар қауымының кәсіби шеберлігін арттырып, бірлескен ой алаңын қалыптастыру. Мұнда алдағы уақытта түрлі педагогикалық кеңестер, семинарлар, тренингтер мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылатын болады. Ашылу салтанатының лентасын мектебіміздің абыройлы да білікті ұстазы, өз ісінің шебері Қайыргелді Мирашұлы қиып, шараның шырайын келтірді.
Бұл сәт — ұжым үшін үлкен мәртебе мен ұстаз еңбегіне көрсетілген құрметтің айқын көрінісі болды.
