Skip to content

🔊Жаңартылған білім беру мазмұны-рухани жаңғыру негізі»🔉 ⠀ ✍️Әлкей Марғұлан атындағы…

🔊Жаңартылған білім беру мазмұны-рухани жаңғыру негізі»🔉

✍️Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп -лицейінде 26 қазан күні қалалық семинар өтті. Мектеп директоры Базыл Жангелді Сағынтайұлы семинардың өткізілу маңыздылығын ашып айтты. Семинар «Болашақ» кәсіби қоғамдастығының мүшелері, директордың орынбасарлары, тарих және өзін – өзі тану пәні мұғалімдерінің қатысуымен өтті.

🤳Қонақтар онлайн «QR код» арқылы тіркелді. Семинар барысында «Болашақтың тарих кабинеті» жобасының презентациясы, «Болашақтың қала» көрмесі, «Қазақ хандығының 552жылдығы » көрмесі, « Алтын Орда 750 жылдығы» көрмесі, «Өнер сыры – өрнекте» көрмесі, «Қылқалам» үйірмелерінің көрмелері көрсетілді.

👩‍🏫Дина Сабанбай 8 – сыныпта «Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты»

👩‍🏫Жадыра Рустемова 10- сыныпта «Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі »

👩‍🏫Шынар Кәдірбек пен Оспанова Базаркүл 6- сыныпта «Түркілер туралы тарихи деректер»

👩‍🏫Ботагөз Өміржан 8- сыныпта «Қазақ хандығының Ресей имперясына қосылуының басталуы»

👩‍🏫серіктес мектептеріміз № 60 мектеп-лицей Бибігүл Тілегенқызы 7 – сыныпта «Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты»

👩‍🏫№ 58 мектеп-гимназия Сапарай Ерденова « Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі» тақырыбында ашық сабақтар өтті.

👩🏻‍💼58 мектеп-гимназия модераторлары Райхан Анапьянова және Нукенова Бибігүл «Қалыптастырушы бағалау – табысқа жету баспалдағы» тақырыбы

👩🏻‍💻Бліспек Эльмира мен Әміреева Фарида «Педагогтың кәсіби психологиялық денсаулығы», Смайлова Ардақты, Есеналы Нұргүл «Қалыптастырушы бағалау – оқу мен оқытудағы кедергілерді жоюдың тәсілі» атты коучинг және тренинг өткізді.

✍️Қ.Құрманғалиевтің «Болашақтың тарих кабинеті» жобасы қалалық, республикалық көлемде авторлық бағдарлама ретінде таратылуға ұсыныс жасалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *