Skip to content

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БЕТ АЛҒАН ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР 2022 жылдың 09 желтоқсан…

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БЕТ АЛҒАН ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР

2022 жылдың 09 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 9-10-сынып оқушылары арасында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Терең тарихтан – жарқын болашаққа» атты зияткерлік ойын өтті. Заман талабына сай балалардың білімін жетілдіру, ойлау қабілетін шыңдау, коммуникатив дағдыларын дамыту, ең бастысы, Отанына деген қадір-құрметті арттыру мақсатында тартысты өткен шара 9 турдан тұрса, жалпы 5 команда қатысып, өзара бақ сынады. Турнирдің бірінші кезеңінде тәуелсіздік шежіресі жайлы шағын мәлімет беріліп, сұрақтар қойылды. Ал екінші кезеңде сәйкес емес суреттер таңдалып, тиісінше, дұрыс жауаптар көрсетілді. Әр кезеңнің өз ерекшелігі мен қызығы бар. Қорытынды кезеңде әр топ мүшелері шешендік өнер бойынша өнерін ортаға салды. Тартысты өткен ойын нәтижесінде Бас жүлдені 9 «Б» сыныбының «Жас интеллект» тобы, жүлделі І орынды 10 «Б» сыныбының «Отансүйгіштер экипажы» тобы, ІІ орынды 9 «А» сыныбының «Ұшқын» тобы, ІІІ орынды 9 «В» сыныбының «BilimLand сақшылары» тобы және 9 «Д» сыныбының «Олимп» тобы иеленді. Тәуелсіздігіміз тұғырлы да баянды болсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *