Skip to content

«ЖАС ҰЛАН» ҚАТАРЫН ТОЛЫҚТЫРДЫ 2023 жылдың 14 желтоқсан күні Әлкей…

«ЖАС ҰЛАН» ҚАТАРЫН ТОЛЫҚТЫРДЫ

2023 жылдың 14 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Тәуелсіздік күні қарсаңында 5-сынып оқушылары «Жас ұлан» оқушылар ұйымына салтанатты түрде қабылданды. Осылайша, шәкірттер ұйым қатарына қосылып, сертификат табысталды. ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалған соң, «Біз Әлкей Марғұлан атындағы «Жас ұлан» оқушылар ұйымының мүшелігіне салтанатты түрде ене отырып, өз жерімізді, елімізді, халқымызды қорғауға, мәдениетін, ана тілін қастерлеуге, жақсы оқуға ант етеміз» деп сөз берді. Отанымыздың болашақ қорғаны, болашақ жалынды жастарына сертификатты салтанатты жағдайда акт залында табыстағандар: мектеп директоры Уйсимбаева Сауле Амангельдиновна,
директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Есіл Жұмагүл Балтабайқызы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Найманбаева Жұлдыз Балғабайқызы, Атчибаев Қайрат Сиражиденұлы.
Шара соңы білім ордасының басшысы Уйсимбаева Сауле Амангельдиновнаның балдырғандарға деген құттықтауымен, «Марғұлан» маршымен түйінделді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *