Skip to content

«ЖАС ҰЛАН» ҚАТАРЫН ТОЛЫҚТЫРДЫ Тәуелсіздік күні қарсаңында 5-сынып балалары «Жас…

«ЖАС ҰЛАН» ҚАТАРЫН ТОЛЫҚТЫРДЫ

Тәуелсіздік күні қарсаңында 5-сынып балалары «Жас ұлан» оқушылар ұйымына салтанатты түрде қабылданды. Осылайша, шәкірттер аспан түстес көк галстукты мойынға тағып, ұйым қатарына қосылды. ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалған соң, «Біз Әлкей Марғұлан атындағы «Жас қыран» оқушылар ұйымының мүшелігіне салтанатты түрде ене отырып, өз жерімізді, елімізді, халқымызды қорғауға, мәдениетін, ана тілін қастерлеуге, жақсы оқуға ант етеміз» деп сөз берді. Отанымыздың болашақ қорғаны, болашақ жалынды жастарына көк галстукты салтанатты жағдайда акт залында табыстағандар: мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Дүйсенова Сәуле Зәріпқызы, Есіл Жұмагүл Балтабайқызы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Найманбаева Жұлдыз Балғабайқызы, Атчибаев Қайрат Сиражиденұлы.
Шара соңы білім ордасының басшысы Базыл Жанкелді Сағынтайұлының балдырғандарға деген құттықтауымен, «Марғұлан» маршымен түйінделді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *