Skip to content

ЖАСАЙ БЕРСІН МАРҒҰЛАННЫҢ ЖІГІТТЕРІ 2022 жылдың 05 мамыр күні Әлкей…

ЖАСАЙ БЕРСІН МАРҒҰЛАННЫҢ ЖІГІТТЕРІ

2022 жылдың 05 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай әйелдер қауымы атынан «Жасай берсін Марғұланның жігіттері» атты мерекелік кеш болып өтті. Мерекелік кеш батырлар биімен бастау алып, бастауыш бірлестігінен хор орындалды. Отан қорғаушылар күніне орай барлық ер-азаматтарды осы атаулы күнмен құттықтап, өлең оқылды. Мерекелік іс-шараға өз үлесін қосып, өнерлерін көрсеткен «Домбырашылар» ансамблі күй орындап, «Қызыл құмды ауылым» атты әзілді ән ұсынылды. Кеш барысында әскери-патриоттық дефиле көрсетіліп, ер мұғалімдерге пародия ретінде әзілді флешмоб биімен жалғасын тапты. Сөз соңы мектебіміздің оқу-ісі жөніндегі орынбасары Сәуле Зәріпқызы ер – азаматтарды төл мерекемен құттықтады. Мектебіміздің ер-азаматтарына қалалық "Әділет" кәсіодағының атынан дайындалған сыйлықтарды табыстай отырып, ер азаматтарға арналған арнау өлеңмен қорытындыланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *