ЖАСҰЛАН ҰЙЫМЫ
2021 жылдың 22 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «ЖасҰлан» ұйымының басшысы Жанерке 5-7 сынып оқушыларымен жиналыс өткізді. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе үздік сыныппен аутсайдер сыныпты анықтау болды. Үздік сыныпты анықтап оларға кубок берілді. Сондай – ақ аутсайдар сыныпты анықтап, ол оқушылардың тәртіптері мен киім үлгілері жайлы сөз қозғалды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе 1 -желтоқсан Президент күніне орай өткізілетін спорттық эстафета жайлы сынып басшыларына хабарландыру айтылды.
