Skip to content

ЖАСЫЛ БАСТАМА – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ 2025 жылдың 5 желтоқсан күні,…

ЖАСЫЛ БАСТАМА – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

2025 жылдың 5 желтоқсан күні, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Эко сана»жобасы аясында жүзеге асқан экологиялық іс-шаралардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау үш негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылды:
🌿 «ЖИ және Табиғат» сурет және бейнероликтер сайысы;
♻️ «Тұрмыстық қалдықтан – кәдеге» тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, қолөнер туындысын жасау байқауы;
🌱 «ЭКО зияткер» экологиялық білімге негізделген пәндік олимпиада.
Барлық аталған бағыттар бойынша озық өнер көрсеткен оқушыларды мектеп директоры Сауле Амангелдіқызы Уйсімбаева мен экологиялық еріктілер тобының жетекшісі Қайрат Сиражиденұьы Атчибаев арнайы әзірлеген дипломдармен марапаттап, жас табиғат жанашырларына өз алғыстарын білдірді. Табиғатты сүйетін, оны қорғауға дайын санаулы емес, саналы жастарымыз көбейе берсін!
Жасыл бастама – жарқын болашақтың кепілі!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *