Skip to content

“ЖАСЫЛ БОЛАШАҚ” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ Бүгін 2018 жылдың 23 қараша күні…

"ЖАСЫЛ БОЛАШАҚ" ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Бүгін 2018 жылдың 23 қараша күні «Жас эколог» үйірме оқушыларының ұйымдастыруымен «Жасыл болашақ» атты экологиялық акциясы өткізілді.
Аталған акцияның мақсаты оқушыларға қоршаған ортаны қорғауға бейімдеу, таза ортада өмір сүруге тәрбиелеу. Сонымен қатар «Эко челендж» байқауын оқушыларға түсіндіру болды. Акция аясында жас экологтар бастауыш сыныптарға және мектеп мұғалімдеріне тұрмыстық қоқыс қалдықтарын сұрыптап қайтадан өңдеп кәдеге жарату үшін арнайы жасаған контейнерлерді таныстырып үндеу парақшаларын таратты. Егерде қоқыстар бөлек контейнерлерге бөлініп салынса қайта сұрыптауға жеңіл болмақ және қоқыс полигондарының жұмысын жеңілдетуге септігін тигізеді. Бұл акция білім мен экологиялық мәдениетті ұштастыру арқылы адамдарды қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *