ЖАУ ЖҮРЕК ПОЛК
2019 жылдың 5 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің оқушылары жылдағы дәстүр бойынша "Жау жүрек полк" шеруін ұйымдастырды. Оқушылар қолдарына майдангер аталарының суреттерін ұстап Көктал әкімшілігі алдындағы майдангерлерге арналған ескерткішке гүл шоғын қою рәсімін жасады. Салтанатты рәсімге Көктал әкімшілігінен Самат Мұхамедқалиұлы және мектеп директоры Жанкелді Сағынтайұлы қатысты. Оқушылар жеңіс мерекесіне арналған өлеңдерін оқып, әндерін айтты.
