ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕГІ СУ ҚАУІПСІЗДІГІ
Суға жүзе білу – жағажайдағы қауіпсіздік кепілінің бірі. Сондықтан малтып білмесеңіз сырын білмейтін өзен-көлдерге түспеңіз.
Бала білуі керек қарапайым қағидалар бар осыны естен шығармаңыз. Оны іс жүзінде пысықтап қойыңыз.
Айталық:
🏊♂ суға шомылуға тек ата-ананың рұқсатымен бару керек;
🏊♂ шомылып жүргенде жақын жерде міндетті түрде ересек адам болсын;
🏊♂ шомылуға қашан және кіммен баратыныңды ата-анаға міндетті түрде айту керек;
🏊♂ судың температурасы 18 градустан төмен емес, күн ашықта, 25 градустан жоғары ыстық күнде шомылған дұрыс;
🏊♂ суық тигізіп алудан және күн өтіп кетуден сақтан;
🏊♂ тамақ ішкен соң 1,5 жарым сағаттан соң ғана шомылған дұрыс;
🏊♂ шаршап тұрғанда, дене қызып немесе терлеп тұрғанда суға түсуге болмайды;
🏊♂ дене суға үйренбей тұрып шомылса тамыр тартылып қалуы мүмкін. Сондықтан алдымен аяқты малып, біраз кешіп, кішкене байқап жүріп дене үйренгенше жүру керек;
🏊♂ сасқалақтамауды үйрену керек. Көп қайғылы жағдайға сасқалақтау себеп болып жатады;
🏊♂ биік жардың жиегіне ойнауға болмайды;
🏊♂ суға жүзе алмасаң немесе нашар жүзсең алысқа барма,тереңге жақындама;
сыр беймәлім жерде шомылма;
🏊♂ арнайы шектік белгіден ары аспа;
🏊♂ қайық, кеменің жолына шомылуға, тым жақын баруға болмайды;
🏊♂ су үстінде қылғындырып, қысып ойнауға болмайды;
🏊♂ жүзе алмасаң үрлемелі жастықтар мен құралдарға сенбе;
🏊♂ бөрене, тақтай секілді қолдан жасалған салда жүзуге болмайды;
🏊♂ қайықпен серуендегің келсе қауіпсіздік шараларымен таныс;
🏊♂ суда жүзу уақытын шектеп, өз шамасын біліп жүру керек. Су ішіндегі адам қаншалықты шаршағанын байқамауы мүмкін. Оданда ертерек судан шығып, күнге күйіп, демалып алған дұрыс!
Әсіресе:
🏊♂ жағалаудан алыс кетіп, қайтуға шамаң жетпей қалғанын байқасаң шалқалап жатып, басты судың үстінде ұстап, аяқ ұшын ақырын қимылдата бер. Осылайша ентікті басып, кішкене күш жинап, жағалауға жетуге мүмкіндік аласың.
🏊♂ Өзіңді,өміріңді қорға!