Skip to content

ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕГЕН ЖАРЫС КҮНІ 2025 жылдың 12 желтоқсан күні «Ұлттық…

ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕГЕН ЖАРЫС КҮНІ

2025 жылдың 12 желтоқсан күні «Ұлттық мектеп лигасы» аясында мектеп оқушылары (қыздар) арасында гандболдан тартысты да, қызықты жарыс өтті. Жарыс барысында командалар жоғары деңгейдегі шеберліктерін, бірлік пен жігерін көрсете білді.
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – №40 мектеп-лицей командасы;
🥈 ІІ орын – №22 мектеп командасы;
🥉 ІІІ орын – №20 мектеп командасы.
Сондай-ақ, ойын өрнегімен ерекше көзге түскен Жеңіс Інжу «Үздік ойыншы» номинациясына лайық деп танылды. Жеңімпаздарымызды және жүлдегер командаларды шын жүректен құттықтаймыз!
Спорттағы табысты жолда әрдайым жеңіс серік болсын!
Команданы жеңіске жетелеген бапкер – Дүйсенбаев Дархан Мерекебайұлына алғысымыз шексіз!
Алда әлі талай биік белестер мен жарқын жеңістер күтеміз! 💪🔥

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *