Skip to content

“ЖЕР САҒАТЫ” акциясы 2024 жылдың 15 наурыз күні М.Өтемісов атындағы…

“ЖЕР САҒАТЫ” акциясы

2024 жылдың 15 наурыз күні М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайында “Жер сағаты” экологиялық акциясы өтті. Аталған акция жылда дәстүр бойынша Наурыз айының соңында бүкіл әлемдік дәрежеде өткізіліп келеді. Акция мақсаты 1 сағатқа электр жарығын сөндіріп электр жарығын үнемдеу болып табылады. Аталған акцияға мектебіміздің оқушылары белсене қатысты атап айтар болсақ акцияны жүргізу тізгіні мектебіміздің оқушысы Рамазан Әлібиге тапсырылды. Сондай-ақ экологиялық жобалар көрмесіне 10 сынып оқушысы Шаяхмет Аружан мен 9 сынып оқушысы Талжанова Айымжан экологиялық жобаларын ұсынды. Акцияға арнайы келген бұрынғы экология министрі қазіргі таңда президент кеңесшісі және әлемдік экологиялық қор мүшесі Зульфия Болатқызы оқушылардың жоба жұмыстарымен танысып сәттілік тіледі. Акция соңы концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

#bilimastanа
#жерсағаты
@bilimastana
@dvoretsshkolnikov
@oqu_agartu_ministrligi
@parlament_school_student

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *