«ЖИ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ» АТТЫ БЕЙНЕРОЛИКТЕР БАЙҚАУЫ
Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың жүрегіміздегі қасиетті міндет. Осы мақсатта мектебіміздің жас ізденуші оқушылары «ЖИ және Табиғат» атты бейнеролик байқауына шығармашылықпен қатысып, өздерінің табиғатқа деген жанашырлықтарын ерекше форматта көрсете білді.
Байқауға өз еңбектерін ұсынған 5 Б сынып оқушылары: Ерік Айзере, Арғынбай Нұрсұлтан, Хамит Рахманали оқушыларымызға алғыс айта отырып, шығармашылық шабыт, жаңа идея және жеңіс тілейміз!