ЖИНАЛЫС
Бүгін 2020 жылдың 9 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің ұжымымен google meet платформасында жиналыс болып өтті. Ұжыммен өткен жиналыстың күн тәртібінде ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйекте жасаған "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" тақырыбындағы жолдауы талқыланды. Онлайн кездесуде тарих пәні мұғалімі Құрманғалиев Қайыргелді Мирашұлы Жолдаудағы Мемлекеттік басқарудың жана үлгісі, жаңа жағдайдағы экономикалық даму, теңгерімді аумақтық даму, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, қолжетімді әрі сапалы білім, денсаулық сақтау саласын дамыту, экологиялық және биологиялық әркелкілікті корғау, әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін корғау, цифрландыру- барлық реформаның негізгі бағыты, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы бағыттары кеңінен түсіндіріліп өтті. Сондай-ақ тарих пәні мұғалімі Сабанбай Дина Мұхаметбайқызы "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" іс-шаралар жоспарына сәйкес ұжыммен сыбайлас жемқорлықты алдын-алу бойынша жадынама ретінде ақпарат берді.