«Жоқ деп айта біл» тақырыбында тренингтер өтті
2025 жылдың 18 желтоқсан күні психология апталығы аясында «Жоқ деп айта біл» тақырыбында білім алушылармен тренингтер өтті.
Тренингтердің мақсаты – білім алушылардың психологиялық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен жеке шекараларын қорғауға үйрету.
Тренинг нәтижесінде қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, жеке шекараларын қорғау дағдыларын жетілдірді.

