Skip to content

ЖОЛДА АБАЙ БОЛ БАЛАҚАЙ 2025 жылдың 28 қаңтар күні Әлкей…

ЖОЛДА АБАЙ БОЛ БАЛАҚАЙ

2025 жылдың 28 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 2-3 сынып оқушыларымен Астана қаласы Сарыарқа АПБ ЖПҚБ ЮПБ полиция аға лейтенанты Жақыпбек Сәния және полиция лейтенанты Мұрат Берікұлы, полк рота командирі орынбасары полиция капитаны А. Муратов, қызмет инспекторы, полиция майоры А.Аскербекұлының қатысуымен жол қауіпсіздігі ережесі бойынша ақпараттық кездесу жиыны өтті. Аталған кездесуде оқушыларға арнайы бейнеролик назарға ұсынылып, жол ережесін сақтамаудың қандай өкінішке әкелетіні баян етілді. Полиция қызметкерлері оқушыларға жол ережесін қатаң сақтап, әрқашан бағдаршамға назар салып тек ғана жаяу жүргіншілерге белгіленген жолақтан ғана өту керектігін айтты. Жолда жүрген кезде жүгіріп өтпей, құлаққап, смартфон сияқты алаңдайтын нәрселерді ұстамай өтуге кеңес берді. Сондай-ақ оқушыларға арнайы жаднама парақтарын таратты. Полиция аға лейтенанты С. Жақыпбек оқушылар арасындағы буллинг, әлеуметтік желі зияндылығы, бірін-бірі мазақ ету, боқтық сөз айту, дөрекі сөйлеу, қауіпті ойындар ойнау сияқты мәселелер бойынша ақпарат беріп, оқушы өміріне қауіпті нәрселерден аулақ болуға шақырды.
Кездесуге мектебіміздің бастауыш сыныптарынан 322 оқушы қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *