Жолда абай бол, балақай!
Бүгін мектебіміздің жазғы лагерінде демалушы оқушыларымен қауіпсіздік сағаты өтті. Оқушыларға жазғы демалыс кезіндегі жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, самокат, электронды мопед, велосипед сияқты құрылғыларды пайдалану кезіндегі басты ережелер туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар жолда жүрген кезде бағдаршамға назар аудару, құлаққап кимеу, тек арнайы жүргіншілерге рұқсат етілген жерлермен жүру керек екендігі ескертілді.