ЖЫРЛАРЫМ СЕНДЕРГЕ АМАНАТ!
“Сөз өнері” әдеби клубының мүшелері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айнагүл Төлегенқызының жетекшілігімен Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына арналған “Жырларым сендерге аманат” тақырыбында әдеби кеш өткізді. Кешке өлең сүйер, поэзия жаттайтын мектебіміздің 5-8-сынып оқушылары қатысты. Арасында аз уақыт ішінде Мұқағали Мақатаевтың 15 өлеңіне дейін жаттаған оқушылар бар. Кеш соңында мектеп директоры Сәуле Амангелдіқызы талапты оқушыларға алғыс хаттар табыстады. Қара сөздің құндылығын ұғынатын поэзияға құштар оқушыларымыз көп болсын!