Skip to content

ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН 2022 жылдың 10 қараша күні Астана қаласы Мектепішілік…

ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН

2022 жылдың 10 қараша күні Астана қаласы Мектепішілік және студенттік Парламент мүшелері Қазақстанның Ядролық Қоғамы Ассоциациясының ұйымдастыруымен "Формула интеллекта" мектеп оқушылары арасындағы зияткерлік ойын Чемпионатының аймақтық кезеңіне Парламент атынан "Алматы", "Сарыарқа", "Есіл", "Байқоңыр" аудандарынан топ жарған оқушылар қатысып «Сарыарқа ауданы» атынан Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 9 «В» сынып оқушысы Мәдет Алтынай қатысты. Ойын нәтижесінде 4 аудан бойынша "Сарыарқа" ауданы ең көп ұпай жинап жеңіп шықты. «Сарыарқа ауданы» тобы қалалық жарысқа жолдама алды. Алдағы жарысқа сәттілік тілейміз. Жеңімпаз оқушыларды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *