Skip to content

Инклюзияны қолдау кабинеті

Астана қаласы «Ә.Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің» «Болашақ» Корпоративтік қоры инклюзияны қолдау кабинеті «Қазақстанның даму банкі»АҚ және Radisson hotel Astana қолдауымен 2016 жылы қараша айында ашылған.

Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру – бұл жалпы білім берудің транформациясы. Мұнда бала мектептің қажеттіліктеріне емес, мектеп баланың қажеттіліктеріне бейімделуі керек. Сондықтан ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеусіз және олардың білім алу қажеттіліктерін бағалаусыз инклюзивті білім беру туралы айтуға болмайды.

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға оқытудың басқаша түрі қолданылады – үйде оқыту, қашықтан оқыту, арнайы мектептер, жалпы білім беретін мектептердегі түзету сыныптары.

Инклюзивті білім берудің 8 принципі бар:

1. Адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес;

2. Әр адам сезінуге және ойлауға қабілетті;

3. Әркімнің сөйлесуге және оны тыңдауға құқығы бар;

4. Барлық адам бір-біріне мұқтаж;

5. Білім нынайы қарым-қатынастар аясында ғана жүзеге асуы мүмкін;

6. Барлық адам өз құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді;

7. Барлық оқушы үшін жетістікке жету – оның орындай алатын әрекеті;

8. Жан-жақтылық адам өмірінің аясын кеңейтеді.

Инклюзияны қолдау кабинетінде жұмыс істейтін мамандар:

Мұғалім-дефектолог – Сагынбаева Гульнара Шелбаевна

Педагог-психолог – Насырова Дина Амантайқызы.

Мұғалім-логопед – Вакансияда

Қазіргі таңда мектебімізде ерекше білімді қажет ететін 11 оқушы бар. Олардың ішінде жеке оқу бағдарламасымен және бейімделген оқу бағдарламасымен оқитын оқушылар бар. Арнайы мамандар оқушылармен ПМПК анықтамасына байланысты аптасына 2 рет сабақ өткізеді. Оқушылар жыл бойына әртүрлі конкурстарға қатысып отырады. Мысалы «Алтын қол шебері», «Бояулар құпиясы», т.б. Оқушылармен танымдық үрдістерін жақсарту мақсатында арнайы мамандар сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып отырады. Соның ішінде  Арттерапиясы, ертегітерапиясы кеңінен қолданылады. Олар оқушылардың шығармашылығы мен қиялын дамытуда үлесі орасан зор. Кабинетте бірнеше зона бар. Оқушыларға арналған демалатын зона, логопед зонасы, оқушылармен сабақ өткізетін және арнайы мамандардың сабаққа дайындалатын зоналары бөлінген. Ол жерде оқушылардың қозғалыстарын басқару, көңіл-күйлерін көтеруге арналған батут, құрғақ бассейн, жұмсақ матадан жасалған тир, доптар бар. Кабинетте сонымен қатар логозона да бар. Яғни ол жерде мұғалім логопед оқушымен айна алдында отырып жаттығу жұмыстарын жасайды, логомассаж жасауға арналған кушеткада бар.