Skip to content

🎬 «ҚАСЫМ» ФИЛЬМІН КӨРГЕН ОҚУШЫЛАР АКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ! 🎬 Бүгін, 2025…

🎬 «ҚАСЫМ» ФИЛЬМІН КӨРГЕН ОҚУШЫЛАР АКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ! 🎬

Бүгін, 2025 жылдың 08 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің оқушылары үшін ерекше күн болды. Олар жақында тамашалаған «Қасым» фильміндегі Қасым Қайсеновтің рөлін сомдаған талантты актер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қ.Қуанышбаев атындағы  Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық  драма  театрының актері Қуандық Қыстықбаев мырзамен кездесті. Кездесу барысында оқушылар батыр бейнесін сомдаудағы актерлік шеберлік, түсірілім кезіндегі әсерлі сәттер және Қасым Қайсеновтің ерлік тұлғасы туралы терең мағыналы әңгіме тыңдады. Театр, кино және өнер саласының тарихы мен қазіргі тенденцияларын таныстыра отырып, оқушылармен пікір алмасу және өз ойларын білдіру тәжірибесін насихаттауды мақсат еткен тағылымы мол кездесуде оқушыларымыз өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, шығармашылық жолға қатысты құнды кеңестер алды. Бұл жүздесу – оқушылардың тарихи тұлғаға деген құрметін арттырып қана қоймай, өнер саласына деген қызығушылығын күшейткен ерекше тәжірибе болды. Қуандық @kuandyk_kystykbai мырзаға уақыт бөліп, шабыт сыйлаған әсерлі кездесуі үшін үлкен алғыс айтамыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *