«ШАБЫТ СЫЙЛАҒАН ЖҮЗДЕСУ: ЖУРНАЛИСТ ЖАЙНА СЛАМБЕКПЕН ӘСЕРЛІ КЕЗЛЕСУ»
2025 жылдың 04 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің оқушыларымен тарих апталығы аясында журналистика әлемінің жарқын өкілі Жайна Сламбекпен рухани мағынасы терең, шабыт сыйлаған керемет кездесу өтті. «Журналист болу: армандар мен шынайы жұмыс» тақырыбында өткен кездесуде мектеп оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, маңызды да ұтымды жауаптар алды. «Журналист болу үшін қай пәнге басымдық беру керек?» деген сауалға Жайна Сламбек: «Егер мықты, мінезді, сауатты журналист болғың келсе — барлық пәнге бірдей басымдық бер. Өйткені журналист емес, ең алдымен тұлға қалыптасуы керек» деп жауап берді. Сонымен қатар оқушыларға қандай кітаптарды оқу керектігі жөнінде пайдалы кеңестер айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Кездесу соңында Жайна ханым Әлкей Марғұлан музейімен танысып, «Құндылықты алыстан іздемеңіздер, сіздердің қара шаңырақтарыңыз — нағыз қазына, тұнып тұрған тарих пен шығармашылық» деп музейді нағыз тарих пен рухани күштің тоғысқан қасиетті орны екенін ерекше атап өтті.
