ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ
2025 жылдың 7 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 3 «Ж» сынып оқушысы Әшірбек Айбану Тәуелсіздік мерекесіне орай 8–9 жас аралығында өткен қалалық каратэ-до кекушинкай чемпионатында жүлделі І орын иеленді.
Спортты жастайынан серік еткен Айбану бұған дейін де қалалық және республикалық деңгейдегі жарыстарда бақ сынап, талай мәрте топ жарып, жүлделі орындарды еншілеп келеді. Мереке қарсаңындағы бұл жеңісі — талпыныс пен төзімнің жемісі. Айбануды осынау зор жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта ел намысын абыроймен қорғайтын, мықты да чемпион спортшы болуына тілектеспіз.
Жарайсыз Айбану!




