Skip to content

Қауіпсіздік дәрісі 2025 жылдың 20 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы…

Қауіпсіздік дәрісі

2025 жылдың 20 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде Сарыарқа ауданы ішкі істер басқармасының полицясы капитаны, ҚҚБ. ЮПБ инспекторы З.Е.Молдабекова 2-3 сынып оқушыларына құқықтық сауаттылық бойынша ақпарат берді. Оқушылар арасында көп кездесетін балағат сөз айту, мазақ ету, ойын стикерлер жасау сияқты тәртіпбұзушылықтың заң жүзінде жауапкершілікке тартылатынын айтты. Мұғалімді тыңдау, сабаққа кешікпеу, түнгі мезгілде аулада ойнамау, әлеуметтік зиянды ойындарға кірмеу сияқты мәселелер ескертілді. Сонымен бірге жол қауіпсіздігі бойынша инспектор жолда жиі кездесетін жол оқиғаларын айтып, оның алдын алу үшін не істеу керек екенін ескертті.
Бағдаршамға назар салу, белгіленген жаяу жүргіншілер жолағымен өту, құлаққаппен әуен тыңдап өтпеу, жүгіріп өтпеу, жолдан өткен кезде артық нәрселерге, телефон т.б ұстап өтпеу сияқты ережелерді атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *