«ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ТӘРБИЕЛІ ЖІГІТТІҢ ҚОЛЫНДА»
Бүгін 2025 жылдың 04 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде мектебіміздің 8-9 сыныптың ер балаларымен жиналысы өтті. Аталған жиналыстың күн тәртібінде ер бала тәрбиесі мен мәдениеті, мектепішілік ережелердің сақталуы, еңбекті бағалау дегеніміз не? Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, достық асыл қасиет сияқты кейстар талқыға салынды. Мектеп директоры С.Уйсимбаева оқушыларға ашық алаң форматында сұрақтар қойып, оқушылардың ой-пікірлерімен, ұсыныстарын тыңдады. Сондай-ақ мектеп психологы С.Шакей оқушылар арасындағы буллингтің түрлеріне жеке тоқталып, ақпараттар берді.





