Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

Әдебиет әлемінде

ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНА 80 ЖЫЛ
Жазушылар одағы -  қазақ әдебиетінің қара шаңырағы. Қазақ руханияты мен мәдениеті марқасқаларының осы шаңырақтың астында ұлтқа қызмет еткені белгілі. Биыл сол қара шаңыраққа 80 жыл толып отыр. Соған байланысты көптеген шаралар белгіленген. Бастауы – Әлкей Марғұлан мектебіндегі еліміздің маңдайына біткен сұңғыла талант, зерделі ғалым, ақын, жазушы, драматург, аудармашы, табанды қайраткер Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Жазушылар одағы сыйлығының иегері Қайым Мұхамедхановқа арналған «Алтын көріп адал жолдан таймадым» атты әдеби кеш. Кешке Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері Күнімбала Ізтөлеуқызы және қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қонақ ретінде келді. Мектеп оқушылары Қайым Мұхамедхановтың өлеңдерін, естеліктерін оқып, «Отқа салдың, отырдым жігер қайнап... Отырдым тар қапаста күнді санап» атты сахналық қойылым қойды. Келген қонақтар ғалым мұрасынан сыр шертетін көрмені тамашалады. Қайым Мұхамедхановтың 10 томдық шығармалар жинағын құрастырып, жинақ ретінде шығарған мектеп директоры Ербол Ісләмұлы Қазақстан Жазушылар одағы жайлы, Қайым Мұхамедхановтың шығармашылығы жайлы мазмұнды деректерімен, зерттеулерімен бөлісті. Кеш соңында әдіскер және қала мектептерінің ұстаздары тарапынан Қайым Мұхамедхановтың адамгершілік ілімін насихаттау мақсатында өлеңдерінің мектеп бағдарламасына енгізілуі жөнінде ұсыныс жасалды.  

   

   

   

  

***

Мектебімізде Ақберен Елгезек ақын-жазушының "Болмаған балалық шақ" повесі бойынша сыр-сұхбат өтті.
 Ақберен ағамыздың «Болмаған балалық шақ» повесін  балалар  қызыға оқыды.  Оқушылар шығармадан алған әсерін автормен бөлісе білді. Оқиға желісі бойынша ойларында жүрген  сұрақтарына сүйікті жазушысынан жауап алды. Оқушылар шығармадан алған әсерлерін ортаға салып, ойларын еркін білдірді. Ақынның өлеңдері оқылып, Елдостай жас ақындар арнауын жолдады. Кездесу соңында Ақберен Елгезекпен кездесемін деп арнайы № 64  мектептен келген Ақгүл есімді оқушыға  кітапты тарту етті.    Сыр-сұхбат  шынайылығымен оқушыға да, қонағымызға да ұнады. Ақберен Елгезек мыңға тарта жас оқырманымен қауышқанына қуанып кетті...

 

 

 

 

***

Қарашаның 28 жұлдызында мектеп кітапханасында «Бір ел –бір кітап» акциясы бойынша 2014 жыл кітабы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесі желісінде оқырмандар конференциясы өтті. Конференция қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және кітапхана меңгерушісі Балғайша Какенқызының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті. Оқушылар конференция соңында жүрекжарды эсселерімен бөлісіп, Сайын Мұратбеков туралы қызықты, тың зерттеулер туралы мәлімет алды.

Директорға сұрақ қою