Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

Жас ұлан ұйымы

«ЖАС ҰЛАН» ҚАТАРЫН ТОЛЫҚТЫРДЫ

Тәуелсіздік күні қарсаңында 5-сынып балалары «Жас ұлан» оқушылар ұйымына салтанатты түрде қабылданды. Осылайша, шәкірттер аспан түстес көк галстукты мойынға тағып, ұйым қатарына қосылды. ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалған соң, «Біз Әлкей Марғұлан атындағы «Жас қыран» оқушылар ұйымының мүшелігіне салтанатты түрде ене отырып, өз жерімізді, елімізді, халқымызды қорғауға, мәдениетін, ана тілін қастерлеуге, жақсы оқуға ант етеміз» деп сөз берді. Отанымыздың болашақ қорғаны, болашақ жалынды жастарына көк галстукты салтанатты жағдайда акт залында табыстағандар: мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Дүйсенова Сәуле Зәріпқызы, Есіл Жұмагүл Балтабайқызы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Найманбаева Жұлдыз Балғабайқызы, Атчибаев Қайрат Сиражиденұлы.

Шара соңы білім ордасының басшысы Базыл Жанкелді Сағынтайұлының балдырғандарға деген құттықтауымен, «Марғұлан» маршымен түйінделді.



 


«Жас Ұлан» оқушылар ұйымының Ұланбасы сайлауының нәтижесі


2022 жылдың 22 қыркүйек күні 2021 - 2022 оқу жылындағы "Жас Ұлан" оқушылар ұйымының Ұланбасы және әр бағыттар бойынша жаңа құрам мүшелерінің сайлауы болып өтті. Аталған сайлауға мектебіміздің 8 - 11 сынып оқушылары дауыс берді. Оқушыларымыз үміткер атанған оқушылардың сайлауалды бағдарламаларымен танысып, дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Дауыс беру гугл формада өтті. Ең жоғары баллды 3 оқушы жинады. Сайлау комиссиясы жоғары балл жинаған үміткерлермен сұхббаттасты. Ақылдаса келе 9 «Ә» сынып оқушысы Аманқұл Әсемай Ұланбасы атанды.





МАРҒҰЛАН ӨШПЕС ЖАРЫҚ КҮН

 

Даланы шарлаған, тау барған,

Қырлардың қыртысын аударған.

Қираған құмыраға жұққан шаңдардан,

Өлген қалалар сырын аңғарған - археолог Әлкей Марғұланның туған күніне орай Жас ұлан ұйымы бастауыш сынып оқушыларына музейді таныстырып, жас бүлдіршіндердің санасына Әлкей Марғұландай ғұлама туралы ізгі ойлар, жақсы ақпараттарды сіңірді.

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР

Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі Жас Ұлан ұйымы оқушылары мемлекеттік рәміздердің 30 жыл толуына орай орта буын оқушылары арасында мемлекеттік рәміздерді білу деңгейі бойынша сұрақ-жауап өткізілді. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік нышандар - Елтаңба, Ту мен Әнұранымыздың туған күні болып қалады.Мемлекеттік рәміздер - мемлекет негізінің мызғымас бір бөлігі. "ҚР Президентінің жарлығына толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 4 маусымдағы ҚР Президентінің жарлығына және "ҚР кәсіби және басқа да мейрамдары туралы" 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлықтарына сәйкес 4 маусымда Республикада мемлекеттік рәміздер күні тойланады.

 

ҒАРЫШКЕРЛЕР КҮНІ

 

Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі ғарышкерлер күніне Жас ұлан ұйымының ұйымдастыруымен сауалнама өткізді. Адамзатқа ғаламдық жаңалық әкелген бұл күн үшін әлем Қазақстанға қарыздар. Себебі алғашқы адам Қазақ даласынан ғарышқа сапар жасаған. Ал бүгінге дейін Байқоңырдан алаштың үш азаматы аспан әлеміне саяхат жасап қайтқан. қаһармандарымызды төл мерекелерімен құттықтаймыз!!! Мақтан тұтамыз!


https://40.astana-bilim.kz/template/agartu/astana/bilim/school/40/images-new/new-0000/278186143_2110588822456898_6938749174408827958_n.jpg?_t=1676527618

 

 

2022 жылдың 18 нарурыз күні Мектебіміздің "Жас ұлан" оқушылар ұйымы "Наурыз-думан!" мерекелік бейнеролигі арқылы барша халықты жыл басы Наурыз мерекесімен құттықтады.

 

 


 

АҚПАРАТТЫҚ ТАНЫМДЫҚ

Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің "Жас Ұлан" оқушылар ұйымы "АҚПАРАТТЫҚ ТАНЫМДЫҚ" атты сауалнама жүргізіп өтті. ХХІ ғасыр - ақпараттық заман, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Кәсіптік оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – білімгерлердің оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Осыған орай жыл сайынғы дамып келе жатқан ақпараттық кезеңге байланысты оқушылардан сұхбат алынды. Осы мақсатты орындау барысында білімгерлердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға өз үлесемізді қосудамыз.

МӘНЕРЛЕП ОҚУ

 

2021 жылдың 15 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін ұштау, оларды отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Жасұлан» ұйымы ұйымдастырған іс-шараға 5-7 сынып оқушылар қатысып бақ сынасты. Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, барлық қатысушылар «Алғыс хаттармен» марапатталды.



 

1 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ «ЖАС ҚЫРАН» ОҚУШЫЛАР ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

 2021 жылдың 15 желтоқсан күні тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 1-сынып балғындары «Жас қыран» оқушылар ұйымына салтанатты түрде қабылданды. 240 бүлдіршінге Әлкей ғалымның бейнесі салынған арнайы төсбелгі тағылды.


 

1 «А» сыныбы – Мұқағали Мақатаев, 1 «Ә» сыныбы – Ыбырай Алтынсарин, 1 «Б» сыныбы – Қадір Мырзалиев, 1 «В» сыныбы – Сапарғали Бегалин, 1 «Г» сыныбы – Қажымұқан Мұңайтпасов, 1 «Д» сыныбы – Ахмет Байтұрсынов, 1 «Е» сыныбы – Мұзафар Әлімбаев, 1 «Ж» сыныбы Роза Бағланова, 1 «З» сыныбы – Дина Нұрпейсова сынды халық даналарының есімдерін топ атауы етіп алып, топбасшылары жиынға әзірліктерін баяндады.



Мемлекеттік әнұран орындалған соң, «Біз, Әлкей Марғұлан атындағы «Жас Қыран» оқушылар ұйымының мүшелігіне салтанатты түрде ене отырып, өз жерімізді, елімізді, халқымызды қорғауға, мәдениетін, ана тілін қастерлеуге, жақсы оқуға ант етеміз» - деп ант берді. Төсбелгі тағу мәртебесі мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлына, директордың оқу - тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Тлеулесова Жұмагүл Балташқызына, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Найманбаева Жұлдыз Балғабайқызы мен Атчибаев Қайрат Сиражиденұлына бұйырды.



 

 

Салтанатты жиында мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы балдырғандарды шын жүректен құттықтап, оқуда ақ жол тіледі



Салтанатты жиын бүлдіршіндердің орындауындағы «Әлкей Марғұлан маршымен» жабылды.

Иә, бұл 1- сынып оқушылары үшін «Отан», «ел», «жер» деген ұғымдарды түсінудің алғашқы баспалдақтарының бірі еді. Бұл күн олардың жадында мәңгі жатталары сөзсіз.

Марғұланмен шыңдарға біз өрлейміз,

Қуат алып асылдан біз сөнбейміз,

Ұрпағы асыл атамыз Әлкейдің

Ісін жалғап намысты біз бермейміз!

 

 

 

 

 

 

 

5 - СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ "ЖАС ҰЛАН" ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

 

2021 жылдың 06 желтоқсан күні «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы» қарсаңына Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары «Жас Ұлан» оқушылар ұйымына салтанатты түрде қабылданды.


 

 

Салтанатты жиында 5 «А» сыныбы – Ыбырай Алтынсарин атындағы топ, 5 «Ә» сыныбы – Исатай Тайманұлы атындағы топ, 5 «Б» сыныбы – Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы топ, 5 «В» сыныбы – Іргебай Ербол Ісләмұлы атындағы топ, 5 «Г» сыныбы – Хамит Ерғали атындағы топ, 5 «Д» сыныбы – Жамбыл Жабайұлы атындағы топ, 5 "З" сыныбы – Қасым Аманжолов атындағы топ, 5 "Е" сыныбы – Әлихан Бөкейхан атындағы топ, 5 "И" сыныбы – Серке Қожамқұлов атындағы топ оқушылары өз дайындықтары туралы мәлімет беріп, ант қабылдады. Салтанатты жиында галстук тағу мәртебесі мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлына, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Жұлдыз Балғабайқызы мен Қайрат Сиражиденұлына, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары Нұргүл Хаздайқызы, Жұмагүл Балтабайқызы және «Жасұлан» оқушылар ұйымы 11 сынып оқушыларына берілді.



 

 

Еліміздегі пандемия шектеулеріне байланысты «Жасұлан» оқушылар ұйымына қабылдану екі сыныптан бөлініп, сағат 10:00-де, 11:00-де, 12:00-де және де 13:00-де өткізілді.

 

 

 

Құттықтап сөз алған мектеп директоры және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары оқушыларға көк туымызды қалай қастерлеп, оны жоғары көтерсек, дәл солай мойындағы көк галстуктерін де қадірлеп ұстауға, мектептің, еліміздің абыройын көтеретін үлкен азамат болып, үлгілі оқушы болуларына сенім артып жылы лебіздерін білдірді. Жиын Әлкей Марғұлан маршымен аяқталды.


 


 


 

КӨҢІЛДІ СТАРТ ЭСТАФЕТАСЫ

"ЖАС ҰЛАН" ұйымының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 26 қараша күні 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай мектебімізде "КӨҢІЛДІ СТАРТ" ЭСТАФЕТАСЫ болып өтті. Аталған жарыста 6 «А», 6 «Ә», 6 «Б», 6 «Б», 6 «В», 6 «Г», 6 «Д», 6 «Е», 6 «Ж», 6 «З», 6 «И», 6 «К» сыныптары бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша топтар арасында жүлделі І-орын «Салауат» тобы, ІІ-орын «Қыран» тобы, ІІІ-орын «Шымырлар», IV-орынды «Тұлпар» тобы иеленді. Оқушылардың алған әсерлері өте керемет болды. Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды.

 


 


Жас Ұлан ұйымы 

2021 жылдың 22 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Жас Ұлан» ұйымының басшысы Жанерке 5-7 сынып оқушыларымен жиналыс өткізді. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе үздік сыныппен аутсайдер сыныпты анықтау болды. Үздік сыныпты анықтап оларға кубок берілді. Сондай-ақ аутсайдар сыныпты анықтап, ол оқушылардың тәртіптері мен киім үлгілері жайлы сөз қозғалды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе 1 -желтоқсан Президент күніне орай өткізілетін спорттық эстафета жайлы сынып басшыларына хабарландыру айтылды.


Click to enlarge image 1.jpg

 

МЕКТЕПІШІЛІК ҰЛАНБАСЫ САЙЛАУЫ

 

2021 жылдың 27 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 2021-2022 оқу жылындағы "Жас Ұлан" оқушылар ұйымының ұланбасы және әр бағыттар бойынша жаңа құрам мүшелерінің сайлауы болып өтті. Аталған сайлауға мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары дауыс берді. Оқушыларымыз үміткер атанған оқушылардың сайлауалды бағдарламамаларымен таныстып "Дауыс беріп, өз таңдауынды жаса" атты бейнероликтерін ел назарына ұсынды.

 



 


 

"Жас ұлан" ұйымы

5 сынып оқушылары "жас ұлан" ұйымына қабылдау онлайн режимінде өткізілді


2020 жылдың 23-24 қазан күндері Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде дәстүрлі бүкілмектептік «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының қабылдауына арналған салтанатты жиын онлайн режимінде өткізілді.

Салтанатты жиында 5 «А» сыныбы – Әбу Насыр Әл-Фараби атындағы топ, 5 «Ә» сыныбы – Жүсіп Баласағұн атындағы топ, 5 «Б» сыныбы – Жұбан Молдағалиев атындағы топ, 5 «В» сыныбы - Сапарғали Бегалин атындағы топ, 5 «Г» сыныбы –Дәулеткерей Шығайұлы атындағы топ, 5 «Д» сыныбы – Әлкей марғұлан атындағы топ, 5 "Е" сыныбы - Сәбит Мұқанов атындағы топ, 5 "Ж" сыныбы - Абай Құнанбайұлы атындағы топ, 5 "З" сыныбы - Мұхтар Әуезов атындағы топ, 5 "И" сыныбы - Қадыр Мырзалиев атындағы топ оқушылары өз дайындықтары туралы мәлімет беріп, ант қабылдады.

Салтанатты жиында Жас ұлан ұйымының ережелері, мақсаты мен міндеттері және құрылымы туралы ақпарат берілді. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Найманбаева Жұлдыз Балғабайқызы барша оқушыларға көк туымызбен түстес галстуктерін алдағы уақытта қадірлеп ұстауға, үлгілі оқушы болып мектеп абыройын асқақтуға шақырып өз лебізін білдірді. Сондай-ақ биылғы оқу жылында Жас ұлан ұйымына қабылданған оқушыларға арнайы әзірленген сертификаттардың табысталатындығын жеткізді. Жиын соңы Әлкей Марғұлан маршымен аяқталды.\

 






«ЖАС ҰЛАН» Балалар мен жасөспірімдер ұйымы

 

Негізгі мақсаты:

«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

vмектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту, әлеуметтік-танымдық бастамаларды жүзеге асыру;

vмектептің тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру.

Ұйым жұмысы:

- Мектепішілік ар-намыс кодексін, ережелердің орындалуын қадағалау;

- Семинар, конференция, форум,байқау,сайыстарға қатысу;

- Мектептегі, одан тыс мәдени-әдеби, тарихи, әскери-спорттық іс-шараларға қатысу және оларды өткізу;

- Волонтерлердің қызметін ұйымдастыру;

- Қамқорлық пен қайырымдылық акцияларын жүргізу;

- Мектеп омбудсмен қызметін жүзеге асуына ықпал жасау;

- Қоңырауда Қаражорға биін бастауыш бойынша билету;

- Салауатты өмір салтын насихаттау;

- «Марғұлан» журналын насихаттау, жарнамалау, тарату;

- Басқа да қоғамдық ұйымдармен байланыс орнату;

- Мектептегі ақпараттарды сайдқа жариялау;

- Жиналыстар мен отырыстарды хаттау;

- Ұйым құжаттарына арналған папкалардың жай-күйін қадағалау;

- Ұйымның ары қарай жұмыс істеуіне мүмкіндіктер туғызу және белсенділігін артыру.

«Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымы мектебімізде 2006 жылдан бастап жұмыс істейді. Бүгінгі таңда «Жас Ұлан» құрамында 70, «Жас қыран» құрамында 30 оқушы бар.
Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектептің «Жас Ұлан» мектеп комитетінің мүшелері.

 

 

Анькей Елдос - Ұланбасы  

Туған күні:09.09.1999

Жұлдызы: Бикеш

Өмірлік ұстанымы: «Жеңіске тек жеңіліс жайлы ойламайтындар жетеді.»

Атқаратын міндеттері:

  • Барлық міндеттер мен бағыттардың орындалуын қадағалау;

  • Оқушылардың ұлтына, тіліне, әлеуметтік жағдайына қарамастан тең құқығын қорғау;

  • Мектеп оқушылары атынан жиналыстарға қатысу;

  • Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс істеуін қадағалау;

  • Бөлімбасылары мен Сыныпбасыларының есебін тыңдау және бекіту;

  • Белсенді оқушыларды мадақтауға ұсыныстар енгізу.

 

Жаңбырбай Алмас - «Салауат»  бөлімінің бөлімбасы

Туған күні:

Жұлдызы: Шаян

Өмірлік ұстанымы: «Ісіңді өзгеге тапсырып, уайымдағанша, өзің істеп еркін жүр.»

Атқаратын міндеттері:

  • Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында әртүрлі акциялар мен сайыстар өткізу;

  • Спорттық шаралар ұйымдастыру;

  • Халықаралық және республикалық спорт сайыстарына қатысатын оқушыларға көмек көрсету;

  • Оқушылардың спорттық жетістіктерінен хабардар болу;

  • Мектепте салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде ұсыныстар енгізу.

Келесбай Райхан - «Зерде» бөлімінің бөлімбасы

Туған күні:29.09.1999

Жұлдызы: Таразы

Өмірлік ұстанымы: «Бастысы-алға қойған мақсатқа кездескен қиындықтарға қарамай жету.Оңай ештеңе жоқ!»

Атқаратын міндеттері:

  • Мектеп қабырғасында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды жүзеге асыру;

  • Апта сайынғы «Үздік сынып», «Үздік оқушы» байқауының өтуін қадағалау;

  • ғылыми жаңалықтардан хабардар ету.

 

Тойшыбекова Дария- «Отан» бөлімінің Бөлімбасы

Туған күні:11.04.2001

Жұлдызы: Тоқты

Өмірлік ұстанымы: «Өзіңе сен,өзіңді алып шығар ақылың мен еңбегін екі жақтап»

Атқаратын міндеттері:

  • Қалалық және республикалық ұйымдармен байланыс орнату бағытында жұмыстар жасау;

  • Мектепшілік патриоттық байқаулар мен іс-шараларды ұйымдастыру;

  • Мектеп аясында отан тақырыбында акциялар өткізу, қабырға газеттерін шығару.

 

Төлеубаев Бегендік- «Еңбек» бөлімінің бөлімбасы

Туған күні:07.01.2000

Жұлдызы: Тауешкі

Өмірлік ұстанымы: «Әрдайым шынайы болу-адамның басты қасиеті.»

Атқаратын міндеттері:

  • Оқушыларға еібек тәбиесін сіңіру мақставнда әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыру;

  • Мектептегі қоғамдық жұмыстардың белсенділігін қадағалау;

  • Басқа мектептермен бірлесіп еңбек тақырыбына байланысты шараларды ұйымдастыру.

Еманғалиева Камила- «Руханият» бөлімінің бөлімбасы

Туған күні:30.01.2000

Жұлдызы: Суқұйғыш

Өмірлік ұстанымы:«Алтын басты болсаң да, ардан артық емессің.»

Атқаратын міндеттері:

  • Мектепшілік іс-шаралады ұйымдастыру;

  • Концерттік бағдарламалар, байқаулар ұйымдастыру;

  • Еріктілер тобының жұмысын белсендіру;

  • Халықаралық және республикалық сайыстарға қатысатын оқушыларға көмек көрсету.

 

Даметова Гүлназ-«Экоәлем» бөлімінің бөлімбасы

Туған күні: 09.04.2002

Жұлдызы: Тоқты

Өмірлік ұстанымы: «Оқы да біл,ойна да күл»

Атқаратын міндеттері:

  • Экологиялық шаралар жұыстары туралы мәліметтермен үнемі қамтамасыз ету;

  • Мектепте қабырға газеттерін шығып отыру;

  • Экологиялық тәрбиені жетілдіру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастыру.

 

Құлахметова Алия - «Жеті жарғы» бөлімінің бөлімбасы

Туған күні:23.11.2001

Жұлдызы: Мерген

Өмірлік ұстанымы: «Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып, қырдан аса алмайсың.»

Атқаратын міндеттері:

  • Мектептегі БАҚ-ты оқушылардың өзін-өзі басқару құрылымының жұмыстары туралы мәліметтермен қамтамасыз ету;

  • Мектепшілік іс-шараларды оқушылардың жетістігі мен мектеп жаңалықтарын БАҚ-та жариялау;

 

Келесбай Гүлайхан- «Жеті жарғы» бөлімінің бөлімбасы

Туған күні:15.09.2000

Жұлдызы: Бикеш

Өмірлік ұстанымы: «Өмірдің ағы да бар, қарасы да бар.Төзе білсең болғаны!»

Атқаратын міндеттері:

  • Мектептегі БАҚ-ты оқушылардың өзін-өзі басқару құрылымының жұмыстары туралы мәліметтермен қамтамасыз ету;

  • Мектепшілік іс-шараларды оқушылардың жетістігі мен мектеп жаңалқтарын БАҚ-та жариялау.

 

Кемеңгер елдің келешегі – білімді ұрпақ екені дау жоқ. Абай да айтқан: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылдық». Жарқын болашақ жастардың қолында. Жыр алыбы Жамбыл Жабай: «Әр нәрсенің басы мен басталуын табу үшін өзіңді табуың, жан дүниеңді соған ыңғайлауың керек» деген.
2015 жылдың 9 қазанында Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінің «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының есеп беру және ұйымның жаңа құрамын сайлау жиыны өтті. Жиынға 8-10 сынып оқушылары қатысты. 
Жиында Ұланбасшысы Түзелбай Меруерт «Жас ұлан» ұйымының 2014-2015 оқу жылында атқарған жұмысы туралы есеп берді. Жарыссөзге шыққан Келесбай Райхан мен Анькей Елдос білім сапасына және рухани-патриоттық тәрбие жұмысына тоқталды.
«Мектеп – жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана». 2015-2016 оқу жылындағы «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасына үміткер Келесбай Райхан, Жаңбырбай Алмас, Анькей Елдос сайлау алды бағдармаларын ұсынып, ашық түрде дауысқа салынды. Нәтижесінде айқын басымдықпен 10-сынып оқушысы Анькей Елдос ұйымның Ұланбасысы атанды. 
Ал «Жас Ұлан» ұйымының басқару алқасын жаңа құрамына Жаңбырбай Алмас, Келесбай Райхан, Еманғалиева Камила, Тойшыбекова Дария, Келесбай Гүлайхан, Орынтай Диана, Төлеубаев Бегендік, Асқар Нұрбота, Қартжанова Динара, Жакенов Нұрсұлтан, Құлахметова Әлия, Қадырова Рауана, Болатбек Сағыныш енді. 
Жиын соңында мектеп директоры Ербол Ісләмұлы жаңа Ұланбасымен оқушылар комитетінің құрамын құттықтап, сенім білдірді.

 

 

Осындай ұранмен 17-19 қараша күндері «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөсіпірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында республикалық Форум болып өтті. 
Форумның мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін, көшбасшылық біліктіліктерін, отансүйгіштік сезімдерін дамыту, балалар қозғалысының өзекті мәселелерін шешудегі бірлескен әрекеттерді шоғырландыруға бағытталған өңірлердегі балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының өкілдері арасында ынтымақтастықты ұйымдастыруға көмек беру. 
Форум аясында қатысушылардың көшбасшылық және шешендік өнер саласындағы біліктіліктерін және білімдерін артыруға арналған семинар-тренинг өткізілді. ҚР өңірлері арасында жұмыс тәжірибесінің алмасуы нәтижесінде жаңа жоспарлар мен шаралар бекітілді. Проблемалық сұрақтарды талқылау арқылы ұйым жұмысының жалпы бағыты айқындалды. 
Ұлтық музыкалық академиясының Орган залында өткен Форумның салтанатты жабылуында «Алтын қалам», таныстыру байқауының және спорт эстафетасының жеңімпаздары марапатталып, балалар өнер көрсетті.

 










«ЖАС ҰЛАНДАРДЫҢ» Қатары көбеюде

 

Жақында «Жас ұлан» өзін-өзі басқару оқушылар ұйымының есеп беру және сайлау жиыны өтті.

 

 













Мектебімізде «Атамекен» ордасының «Әлкей Марғұлан» оқушылар ұйымына қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті.   





Мектептің туы енгізіліп, ҚР әнұраны орындалған соң әрбір топ салтанатты жиынға даярлығы жөнінде мәлімет берді.

 «Атамекен» ордасының мүшелігіне қабылданған топтарға қазақ халқының ірі тұлғаларының есімдері берілді.
 5 «А» сыныбы-Ақселеу Сейдімбек
 5 «Ә» сыныбы- Тоқтар Әубәкіров
 5 «Б» сыныбы- Шоқан Уәлиханов
 5 «В» сыныбы- Қасым Қайсенов
 5 «Г» сыныбы- Қайрат Рысқұлбеков
 5 «Д» сыныбы- Қаныш Сәтбаев атындағы топтарға бөлінді.
Әр сынып оқушылары туған жерін, елін, салт-дәстүрін, тарихын, ана тілін қастерлеуге, парасатты, білімді, қайратты, инабатты, нағыз азамат болуға ант берді.
Мектеп директоры Ербол Ісләмұлы жас жеткіншектерді құттықтап, аталған топ аттары еліміздің ірі тұлғаларының атымен аталып отыр, ел болашағы үшін ерінбей еңбек еткен ағаларындай білімді, қайтпас қайсар, адамгершілігі мол азамат болып өсулеріне тілектестігін білдірді.

 

 

 

Директорға сұрақ қою