Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

Зейнетақы қоры

Зейнетақы– азаматтарға белгілі бір жасқа толғанда, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айрылғанда, арнаулы қызмет атқарған жылдары үшін, заңнамада көзделген басқа да реттерде берілетін тұрақты ақшалай төлемақы. Зейнетақы жинақтаушы зейнетақы қорлары есебінен төленеді. Қазақстан Республикасында зейнетақы тағайындау және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде және Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” заңымен, басқа да заң актілерімен айқындалады.

Қазақстан 1998 жылы 1 қаңтардан бастап зейнетақымен қамсыздандырудың бұрынғы ынтымақтық жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшті. Бұл орайда ынтымақтық жүйе де сақталды. Ынтымақтық жүйе бұрынғы зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандырады және келешекте ынтымақтық жүйеде жұмыс стажын толық өткерген, бірақ жинақтаушы жүйеде зейнетақы алуға жеткілікті ақша жинауға мүмкіндігі болмаған адамдарды зейнетақымен қамсыздандырады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде әрбір азамат өз табысынан зейнетақы жарнасын (еңбекақы түрінде төленуге тиіс табысының 10%-ын) аударып, өз зейнетақысын жеке өзі дербес жинайды. Сөйтіп, зейнетке шыққан кезде жинақталған ақша салымшыларға олардың жеке зейнетақы шоттарынан төленеді. Сонымен бірге аталған заңға сәйкес жұмыс істеушілер мен жұмыс берушілердің мемл. емес жинақтаушы зейнетақы қорларына аударатын ерікті жарналарынан құралатын қосымша зейнетақы төлеу тәжірибесі де қалыптаса бастады.

Зейнетақымен қамсыздандыру бойынша ақпарат

Әлеуметтік қамсыздандырудың конституциялық кепілдемесін іске асыруда зейнетақы жүйесі ерекше орын алады.

1998 жылы зейнетақы жүйесінің реформасы басталған болатын.

Қазақстан ТМД елдері кеңістігінде жеке жинақтар тәртібінде негізделе жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшуді алғаш болып бастады,

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес 1998 жылғы 1 қаңтардан елдің зейнетақы реформасы жүзеге аса бастады. Оның басты мақсаты – экономикалық өсуді ескеретін, қаржылық тұрақты және зейнетақы жарнасының жеке сәйкестендіру есебі арқылы еңбек үлесіне теңестірілетін әділ жүйені құру екені анықталды.

Реформалау нәтижесінде бүгінгі күні Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру үш деңгейлі жүйесі қызмет атқарады.

Бірінші деңгей (базалық) – зейнетақы жасына жеткен барлық азаматтарға тағайындалатын мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі (ерлер – 63 жаста, әйелдер 2022 жылы – 60,5 жаста (әр жыл сайын 6 айға 10 жыл ішінде 63 жасқа дейін кезеңмен өсуімен).

Қарт адамдардың табысын өсуіне әкелетін және кедейшілікті ескертуде басты құрал болған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 2005 жылдан енгізілді.

Есте қаларлығы, егер ол бұрын барлығына бірдей мөлшерде төленсе, енді 2018 жылғы Елбасының тапсырмасымен оның мөлшері әр алушыға жеке зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты анықталады.

Базалық зейнетақының мөлшері, оның күнкөрістің төменгі дейңгейі көлеміне байланысты болғандықтан, жыл сайын инфляция деңгейінде артады.


Екінші деңгей (міндетті) – екі төлеммен ұсынылған:

- мемлекеттік бюджет есебінен төленетін ынтымақшыл зейнетақы;

- қызметкерлердің зейнетақы жинақтарынан есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы төлемдері.

1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 6 айдан кем емес еңбек өтілі бар тұлғалар ынтымақшыл зейнетақы алуға құқылы.

Олардың мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтарда жасалған еңбек өтілінің санына және зейнеткерлік алдындағы табыс деңгейіне байланысты (еңбек өтілі мен табыс неғұрлым жоғары болса ынтымақшыл зейнетақы мөлшері де соғұрлым жоғары).

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту Тұжырымдамасын жүзеге асыруда олардың мөлшері инфляция деңгейінен 2% асуымен артуда.

Жинақтаушы зейнетақы негізінен ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшері шегінде қызметкердің табысынан ұсталатын 10%-дық МЗЖ есебінен және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін жұмыс берушілер төлейтін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының 5% есебінен қалыптасады.

Үшінші деңгей (ерікті) – азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуыға жеке жауапкершілігін ынталандыратын ерікті зейнетақы жарналары.

Әлеуметтік сақтандыру бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасында 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейін білдіреді.

Жұмыс істейтін азаматтар әлеуметтік аударымдар төленген жағдайда Жүйемен қамтылады.

Жүйе келесі әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда әлеуметтік қорғауға кепілдік береді:

- еңбек ету қабілетінен айырылу;

- асыраушысынан айырылу;

- жұмысынан айырылу;

- жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен айырылу;

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы.

Жүйенің операторы әлеуметтік аударымдарды шоғырландыратын, әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын және жүзеге асыратын Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) болып табылады.

Жұмыс берушілер әлеуметтік аударымдарды 2025 жылдан бастап жұмыскердің кірісінің 3,5% (2025 жылдан бастап 5%) мөлшерінде өз қаражаты есебінен төлейді. Дара кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар да өз пайдасына әлеуметтік аударымдарды 3,5 мөлшерінде дербес төлейді (2025 жылдан бастап 5%) өздері дербес айқындайтын алынатын кірістен.

Әлеуметтік төлемдердің мөлшері сақтандырылған табыстың деңгейіне, қатысу өтіліне және заңнамамен белгіленген басқа параметрлерге байланысты болады.

Айта кету керек, әлеуметтік аударымдар барлық жұмыс істейтін азаматтар үшін төленеді (зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарды қоспағанда), бірақ төлемдерді тек әлеуметтік тәуекелі бар адамдар ғана ала алады.

Сонымен қатар, Қазақстанда еңбекке қабілеттілігінен айырылған немесе асыраушысынан айырылған адамдарды әлеуметтік қолдау көпдеңгейлі болып табылатынын және мынадай төлемдерден тұратынын атап өту маңызды:

бірінші деңгей (базалық) – мемлекеттік бюджеттен берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

екінші деңгей (міндетті) - МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлемдер

2020 жылы БЖЗҚ сапа менеджментінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады

Карантин кезіндегі БЖЗҚ байланыс орталығының жұмыс тәртібі

Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын азаматтар зейнетақы жарналарын төлеуге міндеттеледі
Салымшылармен өзара әрекеттесудің жаңа арнасы

Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары туралы
Астана қ. салымшылары мен алушыларына ақпарат берудің жаңа арнасы
БЖЗҚ қауесеттерді жоққа шығарады
Зейнетақы төлемдерін «Бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асыру
БЖЗҚ анықтамасы енді eGov порталында қолжетімді
Композиттік қызметті енгізу туралы


Директорға сұрақ қою