Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

Бастауыш 

«Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицей» КММ бастауыш сынып  әдістемелік бірлестігі
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады.
Уильям Уорд

 

            Табысты қызмет мектепті дәстүрлі түрдегі іс-әрекетінен инновациялық бағытта дамуына үлкен мүмкіндіктер тудырады.Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицей» КММ-де бастауыш сынып бірлестігі алдағы оқу жылында«Сабақ процесінде жаңа технологияларды қолданудың жолдарын тиімді пайдалана отырып, мұғалімдердің біліктілігі мен шығармашылық деңгейін көтеру арқылы оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыру» тақырыбында мынадай мақсат-міндеттерді көздеп  отыр:   Жаңа технологиялардың ерекшеліктерін тиімді пайдалану жолында мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін дамыта отырып,өздігінен ізденіп, өзіндік пікірі қалыптасқан, саналы, құзыретті тұлға қалыптастыру.
             Мектептің жаны-мұғалім. Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім дегендей, бастауыш сынып бірлестігінде жоғары білімді 31 мұғалім жұмыс істеп, өз білімін жетілдіріп, санатын көтеріп отырады. Соның ішінде жоғары санатты үш мүғалім, педагог-зерттеуші санатында 9 мұғалім, педагог- сарапшы санатында 5 мұғалім, педагог- модератор санатында  11 мұғалім жұмыс жасайды. Есіл Жұмагүл Балтабайқызы  қала бойынша жаңартылған білім беру мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы  көлемінде тренер, Қасен Әмина Балтабайқызы «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренері, Каиржанова Алтынай Тулеубаевна  «Тәжірибедегі рефлексия» бойынша мектеп тренері.
              «Мұғалім - мәңгі нұрдың қызметшісі, ол  барлық  ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын  тынымсыз  жалын иесі»   деп ұлы педагогЯ.А. Коменский айтқандай  33 жыл...бала жүрегіне ізгілік пен білімнің нәрін егіп,өз өмірін шәкірттеріне  арнап, уақытпен санаспай еңбек етуге жалықпайтын білікті де, білімді басшы Есіл Жұмагүл Балтабайқызы Ақмола облысына қарасты Киров совхозындағы орыс мектебінде 1991 жылы қазақ сыныбының ашылуына атсалысып, басым көпшілігі неміс, орыс ұлт өкілдері шоғырланған жерде үй-үйді аралап жүріп қазақ сыныбын ашты. Бүгінгі таңда бір сыныптан үлкен бір мектепке айналды.
  Елеулі еңбек қашанда ескерусіз қалмайды. Білім саласындағы жемісті еңбегі үшін Есіл Жұмагүл Балтабайқызы  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталып, «10 жыл Астана» медалі, «Құрмет» медалінің иегері болды. «Менің инновациялық сабағым»  атты ІІІ Халықаралық оқытушылар сайысына қатысып  жүлделі Диплом І орын, «Менің үздік презентациялық сабағым» атты ІІІ Республикалық мұғалімдер сайысынан Диплом ІІ орын, «Білім беру тәжірибесіндегі инновациялық  онтайлылық – білім сапасын қамтамасыз ету факторы» атты ҮІІ қалалық ғылыми-практикалық конференцияда жүлделі ІІ орынды иегері.
   Осындай жетістіктерге жеткен мұғалімдер қатары  толығып Есіл Жұмагүл Балтабайқызы, Қасен Әмина Балтабаевна, Қараталова Арайлым Мұратбекқызы  қала көлемінде авторлық бағдарламалар жинағын тарату мақсатында өткізілген іс-шарада  «Шығармашыл ұстаз» номинациясын иеленді, Қасен Амина Балтабайқызы, Күнен Айгүл Темірғалиқызы, Каиржанова Алтынай Төлеубайқызы, Омарқұл Аманғайша Ақылқызы, Омар Айтжан Мұсылханқызы, «Құрмет» медалінің иегері болса, Омар Айтжан Мұсылханқыз «Ы.Алтынсарин» медалінің тегері,  Баймолдина Сәнім Шакировна «Шығармашыл ұстаз» медалімен, Ғылым мен білім саласының дамуына үлес қосқаны үшін Бозбаева Гүлмира Серікқызы «Әл-Фараби» медалімен,  «БиС» технологиясы бойынша халықаралық семинарларда сабақ өткізгені үшін Шаймұрат Хуангуль, Мұжықбаева Алтын Мұратқызы және Хаздай Нұргүл күміс қауырсынмен марапатталды.
           Үздіксіз ізденетін ұстаздар қауымы осымен шектеліп қалмай мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде Есіл Жұмагүл Балтабайқызы  «Әріптер отауы» жадынамасын,  «Сөз сыры» оқу-әдістемелік кешенін, «Мақал-мәтелдерді ана-тілі сабағында қолданудың әдістемесі» әдістемелік құралын, Омар Айтжан Мұсылханқызы, Қасен Әмина Балтабайқызы Омарова Ғалия Бастиевна  «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері» әдістемелік кешенін, Омарқұл Аманғайша Ақылқызы «Дидактикалық ойын есептері», «Ойын арқылы ауызша есептеуге баулу» оқу әдістемелік  құралын, «Сауат ашуда тілдік дағдыларды жетілдіру жолдары» әдістемелік құралын,  Қасен Әмина Балтабайқызы «Қызықты математика» таңдау курсының бағдарламасын, Каиржанова А.Т. «Логикалық математика»  оқу-әдістемелік құралдарын, Бозбаева Гүлмира Серікқызы , Мұжықбаева Алтын Мұратқызы Хаздай Нұргүл «Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық-технологиялық әлеуетін қалыптастыру жолдары» әдістемелік көмекші құрал,  Ажданова Ақтолқын Шукрадинқызы «Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын тексеруге арналған мәтіндер» атты әдістемелік құралын, «Мазмұндамалар жинағы» атты әдістемелік құралын әзірлеп,қала бойынша таратты.
         Сонымен қатар қалалық жыл сайын өткізілетін Елбасы Н. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын негізге ала отырып, ҚР Тәуелсіздігі мен Тұңғыш Президент күніне арналған «Үздік сабақ» байқауына қатысып, І дәрежелі дипломмен Каиржанова А.Т., ІІ дәрежелі Дипломмен Қараталова А.М. марапатталды. Қалалық «Үздік педагог-2016» байқауына қатысып,алғыс хатпен марапатталды. Қалалық «Ұстаз -ұлы есім» атты бастауыш сынып  бірлестік жетекшілер сайысына Күнен А.Т. қатысып «Жаңашыл жетекші» номинациясын жеңіп алды. Қасен Ә.Б., Күнен А.Т., Каиржанова Алтынай Тулеубаевна  республикалық «Инновациялық сабақ-2020» байқауында «Шығармашыл ұстаз» номинациясына ие болды. Каиржанова Алтынай Тулеубаевна  республикалық «Педагогикалық идеялар» фестиваліне қатысып 3-орын алды. Сонымен қатар Мәскеу қаласында өткен халықаралық «Ланат» ғылыми-зерттеу орталығының алғыс хатына ие болып,  лагерьге жолдама алып 11 оқушы апарды. С.Сейфуллин музейінде өткен жалпы республикалық  «Сәкен оқулары» байқауына, «Абай әндері» атты республикалық байқауға шәкірт дайындағаны үшін Жарболова Нұргүл Амангелдіқызы алғыс хатпен марапатталды.
              Шәкіртсіз ұстаз – тұл демекші, білім алуға келген әр оқушыны өмір жолының дұрыс бағытына салу, елімізді әлемге танытатын, ата дәстүрді құрметтейтін, ең бастысы Отанын сүйетін азаматты тәрбиелеу, осы жолда еңбектену, іздену, мақсатқа жету деп білетін ұстаздар қауымы өз шәкірттерінің жетістіктерімен де мақтана алады.
               Мұғалімнің бүкіл мақтанышы – шәкірттерінде.

Оқушылардың жетістіктері:

Мұғалімнің аты-жөні

Оқушы

Марапаттары

Есіл Жұмагүл Балтабайқызы

Уалиолдина Айым

«Күзгі Олимп-2017» математикалық сайысынан І орын. ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы  ІІІ Республикалық «Зерек» атты оқушылардың ғылыми жұмыстар сайысынан І орын,

Есіл Жұмагүл Балтабайқызы

Рақымбек Кәусар

 

 «Күзгі Олимп-2017» математикалық сайысынан І орын, ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы  ІІІ Республикалық «Зерек» атты оқушылардың ғылыми жұмыстар сайысынан І орын

Есіл Жұмагүл Балтабайқызы

Әлі Малика

ІІ Республикалық оқушылар арасындағы қашықтықтан өткізген «Менің қысқы демалысым» атты шығармашылық байқауынан І орын,

Есіл Жұмагүл Балтабайқызы

Рақымжан Назым

ІІ Республикалық оқушылар арасындағы қашықтықтан өткізген «Менің қысқы демалысым» атты шығармашылық байқауынан ІІ орын

Есіл Жұмагүл Балтабайқызы

Қуанышбай Ибраһим Жеңіс Балнұр

Математика пәнінен өткен «Алтын сақа» олимпиадасында І орын, ІІІ орын

Есіл Жұмагүл Балтабайқызы

Орынбасар Нуриддин

қалалық «Сөз құдыреті» мәнерлеп оқу ІІ орын

Есіл Жұмагүл Балтабайқызы

Базарханова Тахмина

Республикалық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары

Есіл Жұмагүл Балтабайқызы

Бөрібай Зере

 «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары І дәрежелі

Есіл Жұмагүл Балтабайқызы

Рақымжан Назым

«Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары ІІ дәрежелі Дипломды

Қасен Ә.Б.

Амантай Әлтаир

Қалалық олимпиада  ІІІ орын

Каиржанова А.Т

Асылхан Мерей

«Зерде» Республикалық  ІІ орын

Қараталова А.М

Бөрібай Зере

«Зерде» Республикалық ІІІ орын

Каиржанова А.Т

Асылхан Мерей

«Зерде» қалалық І орын

Қараталова А.М

Бөрібай Зере

«Зерде» қалалық І орын

Қараталова А.М.

Жанатова Жанна

«Зерде» қалалық ІІІ орын

Бозбаева Г.С.

Рамазанова Арай

«Зерде» қалалық ІІІ орын

Бозбаева Г.С.

Баймамырова Айзат

«Зерде» қалалық ІІІ орын

Қасен Ә.Б

Жангужинова Мерей

«Зерде» қалалық  ІІ орын

Нұртазина А.Ж.

Мұрат Ұлан

«Зерде» қалалық ІІ орын

Омарқұл А.А

Қайыржан Ахмедияр

«Зерде» қалалық ІІІ орын

Есіл Ж.Б

Рахымжан Назым

«Зерде» қалалық ІІ орын

Каиржанова А.Т.

Алтынбек Мөлдір

«Зерде» қалалық ІІ орын

Күнен А.Т.

Қалабай Нұрсұлтан

«Зерде» қалалық ІІ орын

Омар А.М

Байзақ Мадина

«Зерде» қалалық ІІІ орын

Бозбаева Г.С

Алмасқызы Асыл

«Зерде» қалалық ІІІ орын

Ержан Х

Шаяхмет Бекжан

«Зерде» қалалық ІІІ орын

Камышева Ж.Ж.

Рүстемова Сымбат

«Зерде» қалалық ІІ орын

Камышева Ж.Ж.

Рүстемова Сымбат

Облыстық ғылыми жоба Зияткерлік сайыс І орын

Ажданова А.Ш.

Сапарбек Мәди

«Зерде» қалалық ІІІ орын

Есіл Ж.Б.

Сакен Анар

қалалық математикалық сайыс ІІІ орын

Ажданова А.Ш.

Өмірзақ Балауса мен Құттығұл Еламан 

қалалық «Сөз-мерген» сайысы                         ІІІ орын

Ажданова А.Ш.

Сейтжан Дарын

математика пәнінен  «Алтын сақа» олимпиада ІІІ орын

 

Мұжықбаева А.М

Кайыржанов Анар

қалалық математикалық сайыс ІІІ орын

Бозбаева Г.С.

Бейсен Батыршах

қалалық математикалық сайыс ІІІ орын

Жанғалиева М.А.

Мұхаметәлі Қалжан

қалалық математикалық сайыс ІІІ орын

Қасен Ә.Б.

Түзелбай Әмина

қалалық математикалық сайыс ІІІ орын

Күнен А.Т.

Жағыпар Ұлсина

қалалық математикалық сайыс ІІІ орын

Омар А.М.

Жағыпар Томирис

Қазақ тілі І орын

Боранбекова З.А.

Сартаева Альмира

Дүниетану ІІ орын

Хаздай Н.

Сабыр Ахмет

Математика ІІІ орын

Бозбаева Г.С

Бейсен Батыршах

Қалалық пәндік олимпиада математика ІІІ орын

Жарболова Н.А.

Шалабай Дархан

Қалалық пәндік олимпиада дүниетану  ІІІ орын

Мұжықбаева А.М

Ибраева Жарқын

 

Қалалық пәндік олимпиада Қазақ тілі ІІІ орын

Бозбаева Г.С.

Рақымбек Сезім

«Математика және логика» қалалық ІІІ орын

Нуртазина А.Ж.

Жолдыбай Ерасыл

«Математика және логика» қалалық ІІІ орын

Каиржанова А.Т.

Талдыбай Әділжан

«Математика және логика» қалалық ІІІ орын

Омарқұл А.А.

Бақтыбек Бақдәулет

«Математика және логика» грамота

Қасен Ә.Б.

Абдирова Камила

Сарина Гүлзира

«Алтын сақа» олимпиадасы

ІІІ орын

Хаздай Н.

Болат Ақмарал

«Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу конкурсы ІІІ орын

Сейтжанова Л.Б.

Мұхаметәлі Қалжан

 

«Математика және логика» олимпиадасы ІІІ орын

Қасен Ә.Б.

«Зерек» тобы

«Математикалық сайыс» олимпиадасы  ІІІ орын

Бозбаева Г.С.

Алмасқызы Асыл

«Зерде» қалалық ІІІ орын

Күнен А.Т.

Қалабай Нұрсұлтан

«Зерде» қалалық ІІ орын

ҚайыржановаА.Т.

Алтынбек Мөлдір

«Зерде» қалалық ІІІ орын

Ержан Қ.

Шаяхмет Бекжан

«Зерде» қалалық ІІІ орын

Омар А.М.

Байзақ Мадина

«Зерде» қалалық ІІІ орын


           
Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім — мектептің жүрегі.  Ыбырай Алтынсарин
          Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны — әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз — өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште. Осындай қасиетті мамадықтың туын жоғары ұстаған  Ә.Марғұлан атындағы  №40 мектеп-лицей ұжымына мың алғыс!






 

 

 

 

 












 

Директорға сұрақ қою