ЕРДІҢ ТУЫ - НАМЫС
2018 жылдың 22 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектебінде ер жігіттеріміздің болашақта елім дейтін, жерім дейтіндей, азаматтық борышын еш тайынбай орындайтындай, сана – сезімдері жоғары, патриотты азамат болу мақсатында 8-11 сынып оқушыларының ер балаларымен жиналыс болып өтті. Жиналыстың басы кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, стратег - Бауыржан Момышұлының өз даусымен көркемделген бейнеролик көрсетуден басталды. Бейнероликте Бауыржан Момышұлының «менен артық, менен батыр, менен ақылды жігірттердің Тәуелсіздік үшін жан, тән аямастан соғысты» деген сөздері болашақ ер жігіттер үшін үлгі болды. Мектеп директоры Іргебай Ербол Ісләмұлы оқушыларға Абайдың 21 қара сөзіндегі Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы - қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік - адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді - осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп санау керектігі жайындағы сөздерін айтып, бүгінгі ер балалардың тәртібі мен мінез-қылықтары жайлы айтып, жағымсыз әдеттерден арылуға шақырды. Жиналыс соңы алда келе жатқан көктем мерекесіне орай ұйымдастырылатын іс-шараларға ер балалардың, ұстаздардың дайындық жұмыстарымен аяқталды.