Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

11 МАМЫР - АКАДЕМИК ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАННЫҢ ТУҒАН КҮНІ

1526025114097186.jpg

2018 жылдың 11 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінде ұлт мақтанышы, ғалым, академик Әлкей Марғұланның туған күніне арналған дәстүрлі салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиында ғалым еңбектері мен ғалым туралы жазылған естеліктері айтылды. Марғұлан мұрасы туралы айтылған ғалым жайлы пікірлері мен мектеп бітіруші түлектердің арнаулары жатқа айтылып, «Марғұлан» маршы орындалды. 
Мектеп директорының міндетін атқарушы Тлеулесова Жұмагүл Балташқызы ұстаздарды, оқушыларды құттықтап, ғалым мұрасын насихаттау біздің парызымыз деп атап айтты. Жиын соңы мектеп түлектерінің Әлкей Марғұлан бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.
 
  
  
  
 

Директорға сұрақ қою