Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

15 МАМЫР - ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

1526626886692879.jpg

2018 жылдың 15 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектебінде республикалық жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы аясында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша "Жыл табысы": Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектебінің 2017-2018 оқу жылындағы жетістіктері" тақырыбындағы маниторинг жұмысының қорытындысымен мектеп директорының міндетін атқарушы Тлеулесова Жұмагүл Балташқызы таныстырды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Найманбаева Жұлдыз Балғабайқызы "Мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасының іске асырылуы" тақырыбындағы қорытынды есебін айтты. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Мұса Әнизат Сейдазымқызы "Ұрпаққа өнеге" мектеп ата-ана серіктестігі, "Оқушы үні" мектепті дамыту басымдықтарын айқындау негізі бойынша жүргізілген бірлескен зерттеу жұмысының қорытындысымен таныстырып өтті. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша "Мектептегі қамқоршылық кеңесінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту" тақырыбындағы жүргізілген жұмыстар есебін қамқоршылық кеңесінің төрағасы Бижкенов Талғат баяндады.
 
 
 

Директорға сұрақ қою