ШАТТЫҚ - 2018 ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
2018 жылдың 9 сәуір айында басталған қалалық Шаттық -2018 байқауы өз мәресіне жетті. "Аспапты" , "Хор", "Вокал", "Хореография", "Фотосурет", "Бейнелеу өнері", "Киім дизайны" жанрлары бойынша қатысқан Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінің оқушыларына алғысым шексіз. Нәтижесінде "Бейнелеу өнері" жанры бойынша Нуритдинова Меруерт "Алтын медаль" иегері, "Хореография" жанры бойынша - "Самұрық" би ансамблі "Күміс медаль" иегері, "Аспапты" жанр бойынша жеке орындауда Бөрібай Зере "Қола медаль" иегері болды. Ал қалған жанрлар бойынша қатысқан оқушыларымыз "Дипломант" атанды. 12 жыл көлемінде ұйымдастырылған фестивальдің қорытынды мерекелік шарасы Бейбітшілік және келісім сарайында 18 мамыр күні болып өтті. Аталған фестивальде "Самұрық" би ансамбілі өз өнерлерін көрсетті.