Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ЖАЛПЫ АТА - АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

1537445645418745.jpg

Бүгін 2018 жылдың 19 қыркүйек күні 2018-2019 оқу жылының алғашқы жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Ата-аналар жиналысы "Бой сергіту" тренингінен бастау алды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойнша "Ата-аналардың балалар тәрбиесіне жауапкершілігі" тақырыбында география пәні мұғалімі Қайыпназарова Гүлзат Мадиярқызы баяндама жасады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша бастауыш сынып мұғалімі Хаздай Нұргүл ақылы қызметтің тиімділігі мен мүмкіндіктері жайында есеп беріп, 2018-2019 оқу жылындағы мектептегі ақылы қызметтің көрсетілуі туралы хабарлама жасады. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша 2018-2019 оқу жылының ата-аналар комитетін сайлау болды. Биылғы оқу жылының ата-аналар комитеті болып Бекпауова Зауе Жақанқызы қайта сайланды. Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Найманбаева Жұлдыз Балғабайқызы ата-аналарды 2018-2019 оқу жылындағы ата-аналар комитетінің жылдық жоспарымен таныстырды.

На данном изображении может находиться: 1 человек, сидит и в помещении На данном изображении может находиться: 1 человек, стоит и в помещении

 

Директорға сұрақ қою