"СӨЗ ШЕБЕРІ" ҚАЛАЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІЛЕР ФЕСТИВАЛІ
Бүгін 2018 жылдың 17 қазан күні М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының ұйымдастыруымен қалалық "Сөз шебері" жүргізушілер фестивалі болып өтті. Балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік және шығармашылық деңгейін ашу, сөз өнері жанрын танымал ету, мерекелік іс-шараларды жүргізетін дарынды балаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған фестивальде "Қазақстан" ұлттық арнасы, "Қазақстан" спорт, "Еуразия" арнасының кәсіби тележүргізушілері Әлібек Абдилов, Арман Момынов, Асаубек Айымбетов қазылық еткен сайыста Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінің 9 "Б" сынып оқушысы Серікбай Әдемі жүлделі І орынды иеленді. Жетекшісі: Найманбаева Жұлдыз Балғабайқызы. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!