ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
2020 жылдың 25-26 қараша күндері Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп-лицейінің 5-6 сынып оқушыларымен Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Тұңғыш Президент кітапханасының ұйымдастырылуымен "Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш президенті" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаты кітапхана өкілдерімен бірге болып өтті. Әр сыныпқа бөлінген волонтерлар елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайында оқушыларға пайдалы да маңызды ақпараттарды бере отырып, балалармен диалог жасап, ой бөлісті. Елбасы бейнесін дәріптеу арқылы адамгершілік қасиеттерді насихаттаған ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының ұжымына алғыс білдіреміз.