1 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ "ЖАС ҚЫРАН" ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ
2020 жылдың 9-желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп-лицейінде 1-сынып оқушыларын "Жас Қыран" ұйымына қабылдау салтанатты жиыны "Google Meet” онлайн платформасы арқылы өтті. Салтанатты жиында балдырғандар білімді, тәртіпті, елін сүйетін патриот болуға анттарын беріп, ұйым мүшелігіне қабылданды. Мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы Жас Қырандықтарды айтулы күнмен құттықтау отырып, берген анттарына адал болып, нағыз патриот болып өсулеріне тілектестік білдірді. Жиын соңында оқушыларымызға арналған бейнематериал көрсетіліп, "Марғұлан маршымен" аяқталды.
https://www.facebook.com/100005174028076/videos/1739212036261247