"ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫНЫҢ ЖҰЛДЫЗЫМЫЗ" АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИР
2020 жылдың 12 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің 9-10 сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған "Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз" атты зияткерлік-танымдық онлайн турнирі төрт кезеңнен өткізілді. Олар: І кезең. 1986-2019 жылдардағы тарихи оқиғалардан тес сұрақтары;
ІІ кезең. Мектеп мұғалімдері алдын-ала түсірілген видео-сауалдар;
ІІІ кезең. Тәуелсіздік кезеңіндегі бір маңызды оқиға байланысты сұрақ.
ІҮ кезең. Спич \шешендік өнер\.Топ мүшелері 2 минуттан аспайтын видео түсіріп жібереді.