«БАЛА ШАБЫТЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИ БАЙҚАУЫ
2023 жылдың 04 ақпан күні Астана қаласы Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің «Самұрық» би ансамблінің кіші топ оқушылары халықаралық «Бала шабыты» би байқауына қатысып, БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алды. Сондай-ақ аралас жас тобы арасында қатысқан екінші топ мүшелері Үнді биін билеп жүлделі І орынды жеңіп алды. Жетекшісі: Тажибаева Айым Исентаевна. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!