Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

15 АҚПАН КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 34 ЖЫЛ

1676961320566136.jpg

2023 жылдың 14 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай «Есімде ауған соғысы» атты әскери-патриоттық кездесу кеші болып өтті. Кеш басы ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымыздың құрметіне бір минут үнсіздікпен бастау алды. Аталған кездесуге тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерең үлгісін көрсеткен қаһарман ағаларымыз ауған соғысының майдангерлері Сәрсенхан Әзімбайұлы мен Төлешов Толқындат Нәсіпқалиұлы қатысып оқушыларға майдан кезіндегі қиыншылықтары мен қауіпті кездерін еске алып баяндап берді. Оқушылар майдангерлерге өлең жырларын оқып, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды. Шара соңында майдангер соғыс зұлматы ешқашан болмасын бейбіт күннің қадірін ұғына білейік, ата-аналарыңызды, ұстаздарыңды сыйлап, елдің қамын ойлайтын азамат болыңдар деп жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ батыр ауған соғысының майдангерлері өз қолдарымен болашақ Отан қорғаушыларға салтанатты түрде, әскери есепке тұрғандарын рәсімдейтін куәліктерін табыс етті. Шара соңы 10 сынып оқушысы Әқбар Русланның орындауында «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.



Директорға сұрақ қою