Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

"АСЫЛ МҰРА - МАТЕМАТИКА ӘЛЕМІНДЕ" АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ

1676964549248614.jpg

Бүгін 2023 жылдың 17 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде математика апталығының жабылу аясында «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек» атты кездесу болып өтті. Математика ғылымына ғұмырын арнап, осы жолда талмай еңбек етіп жүрген абзал ағаларымыз ЕҰУ-нің профессорларымен кездесу болып өтті. Кездесу оқушылармен сұхбат форматында өтті. Еркін микрофон форматында өткен кездесуге оқушылар қызықтырып жүрген сауалдарын қойды. Сондай-ақ оқушылар өз өнерлерін паш етіп, би билеп, өлең оқып, күй тартты. Кеш барысында қонақтар математика пәнінің өмірде керектігі жайлы айтып, университет пен мектепті ұштастыратындай білім жүйесін біріктіруді ұсынды. Кездесу соңы мектебімізде өткен математика апталығында оқушылармен түрлі интеллектуалды, зияткерлік шараларға қатысқан жеңімпаз оқушыларымызды марапаттау сәтімен тәмамдалды.

Директорға сұрақ қою