Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ДОСТЫҒЫМЫЗ ЖАРАСҚАН ФУТЗАЛ ТУРНИРІ

1677478698267692.jpg

🔸202З жылдың 25 ақпан күні Әлкей марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде мектебіміздің 8-9 және 10 сынып оқушылары арасында «Достығымыз жарасқан» атты шағын футбол турнирі өтті.
🔸Турнир мақсаты оқушыларды достыққа,татулыққа, патриоттыққа тәрбиелеу, сондай-ақ демалыстағы бос уақыттарын қызықты өткізу болып табылады.
🔸Жалпы турнирге 8-9-10 сыныптарынан құралған 9 команда қатысты. Қызықты да,тартысты өткен турнирдің қорытындысы бойынша жүлделі І орынды 9 "Ә", 10"Ә" сыныптарынан құралған «FRIDE» командасы, ІІ орынды 8 "Д",9 "В" сыныптарынан құралған "ЖАЛЫН" командасы, ал жүлделі ІІІ орынды 8 "З", 9"Б" сыныптарынан құралған «SFARTA» командасы жеңіп алды.
🔸Сондай-ақ турнирде үздік деп танылғын оқушыларымыз"Үздік қақпашы"," Үздік шабуылшы", "Үздік ойыншы" сияқты номинациялар бойынша марапатталды.
🔸Турнирдің өтуін ұйымдастырып, әділ төрелік жасаған мектебіміздің денешынықтыру бірлестігіне алғыс айтамыз. Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз!

Директорға сұрақ қою