Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ

1678426646818592.jpg

       2023 жылдың 01 наурыз күні Астана қаласы «Әл-Фараби атындағы Оқушылар Сарайында» 2022-2023 оқу жылына арналған Астана қаласының білім беру ұйымдарының әдістемелік-нұсқаулық, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында (ұлдар,қыздар) қалалық мектеп лигасының бағдарламасы аясында гандболдан жарыстың ашылу салтанаты болып өтті.
Жарысқа 4-5сыныптар арасында 14 мектептің, 7-8 сыныптар арасында 14 мектептің, 9-11 сыныптар арасында 14 мектептің командалары қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатының құрметті қонақтары:
1) Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы Сенғазыев.
2) ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қоғам қайраткері, Азияның екі дүркін чемпионы, «Қазақстан гандбол федерациясының» құрметті президенті Дәулет Болатұлы Тұрлыханов.
3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» Бас директоры Сағдат Кәбірұлы Садықов.
4) «Қазақстан гандбол федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Гүлнара Исмағұлқызы Тұрлыханова.
5-6 сынып оқушылары арасында жүлделі І орынды
7-8 сынып оқушылары арасында жүлделі І орынды
9-11 сынып оқушылары арасында ІІ орынды иеленген Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің оқушылары.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының медаль, диплом, кубоктармен марапатталды. Жарыс жеңімпаздары Астана қаласы атынан гандболдан республикалық жарыстарда өнер көрсетеді.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


Директорға сұрақ қою