Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту

1678696591081430.jpg

 

        Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған үлкен мәселе бар. Ол-инклюзивті білім беру. Инклюзивті білім беруге дене бітіміне, психикалық, интеллектуалдық, мәдени, этникалық, тілдік және өзге ерекшеліктеріне қарамастан   қоғамға әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар жатады.

    Ерекше білімді қажет ететін оқушыларды  оқыту-  балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге жол ашады.   Оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістер тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді.

    Мұндай оқыту  барлық балаларға, мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға , адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру мақсатында  Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту» тақырыбында семинар өтті. Мұғалімдер арасында қазіргі таңда барлық  әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе  осы балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын  білім беру жолдары талқыланды.  

Директорға сұрақ қою