Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

17 НАУРЫЗ «БЕРЕКЕ КҮНІ»

1679290293681116.jpg

      Бүгін 2023 жылдың 17 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Береке күніне орай «Берекелі-мерекелі Наурыз той» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Шара «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсетіп, оны құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Мерекелік кеш шымылдығы қазақ биімен ашылып, Құрманғазы атамыздың «Балбырауын» күйін тартумен жалғасын тапты. Кеште мектеп оқушылары «Наурыз айы», «Үш бақытым», «Туған ел» әндері шырқалып, домбырашылар ансамблі тарапынан Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйі орындалды. Мерекелік кеш соңы Бөрібай Зеренің жетігенмен орындауында «Дала сазы» күйімен жалғасып, мектебіміздің өнерлі оқушыларының бірі Әкбар Русланның орындауындағы «Наурыз - Думан» әсем әнімен қорытындыланды. Сондай-ақ береке күніне орай ұйымдастырылған тағы бір шаралардың бірі ол орыс тілі, ағылшын тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлттар достығы - ұрпақ тілегі» атты мерекелік құттықтау бейнеролигі, жаратылыстану бірлестігінің ұйымдастыруымен 7,10-11 сынып оқушылары арасында өткен «Табиғатым тынысым» тақырыбындағы табиғи құбылыстар жайында бейнеролик әзірледі. Физика бірлестігінің ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушылары арасында наурыз айындағы физикалық өзгерістер жайында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелде оқушылар ауа-райын болжаудағы халқымыздың нұсқаларын, физикалық өзгерістер туралы қызықты сұрақтар қойылып, жаңа жылдағы күн мен түннің теңелуі бойынша сұрақтарды талқылап, өз ой-пікірлерімен бөлісті. БЕРЕКЕЛІ, МЕРЕКЕЛІ КҮНДЕРІМІЗ КӨП БОЛСЫН!

Директорға сұрақ қою